Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласында қызметті жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі үшін арнаулы ашылған банктік шотқа аударылуға жататын ақша сомасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 тамызда № 33251 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнаулы ашылған банктік шотқа аударылуға жататын ақша сомасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында оның қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Оралов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрі
2023 жылғы 2 тамыздағы
№ 212 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы шот – Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі үшін арнаулы ашылған банктік шот;

      2) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі (бұдан әрі – жүйе) – Қазақстан Республикасының азаматтары, турагенттер, туроператорлар, туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі және Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган арасындағы құқықтық қатынастар жиынтығы;

      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – уәкілетті орган айқындаған, жалғыз қызмет түрі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлға;

      4) туристік код – шығу туризмі саласындағы туроператор туриске беретін, ұйымдастырылған шығу туризмі шеңберінде туроператордың міндеттемелеріне кепілдік беретін бірегей нөмір;

      5) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Жүйенің жұмыс істеу тәртібі

      3. Жүйенің субъектілері:

      1) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар (бұдан әрі – туроператорлар);

      2) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар – әуе кемесімен жалданушылар (бұдан әрі – туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар);

      3) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын турагенттер (бұдан әрі – турагенттер);

      4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі (бұдан әрі – жүйенің әкімшісі) болып табылады.

      4. Туроператорлар және туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар Заңның 27-3-бабының 1-тармағында көзделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жүйе әкімшісіне мыналарды:

      1) туроператорлармен және туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылармен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкімен жасасқан уәкілетті орган бекіткен сомадағы ақшаны банктік кепілдік шартының түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) туроператормен немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушымен арнаулы шотқа турагент Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен уәкілетті орган бекіткен ақша сомасын аударған туралы мәліметтерді береді.

      5. Арнаулы шотқа уәкілетті орган бекіткен мөлшерде ақшаны аудару туралы мәлімет жүйе әкімшісі белгіленген нысан бойынша туроператорлармен және (немесе) туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылармен ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей жүйе әкімшісіне беріледі.

      Жүйе әкімшісі ай сайын туроператорлармен және (немесе) туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылармен Қазақстан Республикасының азаматтарына өткізген туристік өнімдер туралы мәліметтер және арнаулы шотқа аударылуға тиіс ақша сомалары бойынша салыстыруды жүргізеді.

      6. Жүйенің әкімшісі:

      1) шығу туризмі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына туристік код беру тетігін әкімшілендіруді;

      2) уәкілетті орган айқындаған кепілдік берудің сараланған сомасын қабылдауды;

      3) туроператормен және туроператор-әуе кемесімен жалданушымен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкімен жасасқан Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен аударылатын ақша сомаларының және банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын сомалардың мөлшерін индекстеу бойынша уәкілетті органға ұсыныстарды дайындау үшін талдамалық және зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.

      7. Жүйе Қазақстан Республикасы азаматтарының турагенттермен, туроператорлармен, туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылармен, жүйенің әкімшісімен және уәкілетті органмен іскерлік сипаттағы сапарларға байланысты құқықтық қатынастарына қолданылмайды.

      Іскерлік сипаттағы сапарларға кәсіби-іскерлік мақсаттарда уақытша болатын елге (жерге) ақылы қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасы азаматтарының баруы жатады.

      8. Жүйе әкімшісі жыл сайын өз қызметі туралы есепті жүйе әкімшісінің интернет-ресурсында орналастырады және оларды есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік 30 күн өткен соң Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарын жариялайды.

3-тарау. Енгізілген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтару және аударымдарды есепке жатқызу әдісінің қолданылу тәртібі

      9. Жүйенің әкімшісі Заңның 27-2-бабына сәйкес:

      1) жүйе туроператоры немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушысы шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметтің түрін тоқтатқан жағдайда олардың кінәсінен Қазақстан Республикасының азаматтарын әкету фактілерінің болмауы шартымен жүйе туроператорына немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушысына енгізілген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтаруға;

      2) банк кепілдігінің шекті сомасына қол жеткізілген кезде жүйе туроператоры немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушысы енгізген банк кепілдігін осы туроператорға немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушыға қайтаруды жүзеге асырады.

      Енгізілген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтару үшін туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы жүйенің әкімшісіне еркін нысанда жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш) жібереді.

      10. Жүйе әкімшісі өтініш түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы аударған қаражатты салыстыруды жүргізеді, туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының кінәсінен Қазақстан Республикасының азаматтарын әкету фактілерінің болмауын тексереді, сондай-ақ туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының туристерін әкету қажеттігінің бар немесе жоқ екенін ескереді.

      11. Жүргізілген салыстырудан кейін жүйе әкімшісі 5 жұмыс күні ішінде:

      1) осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, енгізілген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты;

      2) осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, енгізілген банк кепілдігін қайтару немесе қайтарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      12. Банк кепілдігін қайтаруды жүйе әкімшісі өтініш түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде банк кепілдігін қабылдау тапсыру-актісін жасау арқылы жүзеге асырады.

      Өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтаруды жүйе әкімшісі өтініш түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаражатты туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырады.

      13. Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк кепілдігі қайтарылған жағдайда, өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражат сомасы тиісті қаржы жылында банк кепілдігімен қамтамасыз етілуге жататын ақша сомасынан төмен болған жағдайда, туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы осы соманы көрсетілген сома азайған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде толықтырады не көрсетілген сома азайған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүйе әкімшісіне банктік кепілдік шартының түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

      14. Банк кепілдігін және өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтарған кезде, сондай-ақ банк кепілдігі шекті сомаға жеткен кезде комиссиялық алым және осы туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының кінәсінен Қазақстан Республикасының азаматтарын әкетуге жұмсалған қаражат Заңның 27-3-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес аударылуға жататын ақша сомасынан ұсталады.

      15. Жүйе әкімшісінің қызметіне бөлінген комиссия сомасын қоспағанда, жүйе әкімшісі осы туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы жүйеге кірген сәттен бастап үш жылдан кейін жүйенің туроператоры немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушысы үшін келесі күнтізбелік жылға аударымдарды есепке жатқызу әдісінің қолданылуын қамтамасыз етеді.

4-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі

      16. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылдары (бұдан әрі – азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-қимылдар) мыналарды қамтиды:

      1) турист болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болатын елдегі (жердегі) аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына авиакөлігі, теміржол көлігі, автокөлік немесе су көлігі арқылы қайтару;

      2) турист болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағына қайтаруға дейінгі уақытта, оларды қонақ үй немесе басқа да орналастыру орындарына орналастыруды (уақытша тұру) қамтамасыз ету (егер қайтаруды еріксіз күту мерзімі күндізгі уақытта 8 сағаттан көп, ал түнгі уақытта 6 сағаттан көп болса);

      3) турист болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болған мемлекеттегі болған орынынан Қазақстан Республикасының аумағына қайтару жүзеге асырылатын орынға дейін жеткізу;

      4) турист болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының тамақтандыруларын ұйымдастыру (егер қайтаруды еріксіз күту мерзімі 4 сағаттан көп болса).

      17. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру туралы шешімді жүйе әкімшісі уәкілетті органмен келісу бойынша мынадай жағдайларда:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтары бұзылған жағдайда, оның жазбаша немесе ауызша өтініші болғанда;

      2) шығу туризмі саласындағы туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініші болғанда;

      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша туристер бірлестігінің (бірлестіктерінің) жазбаша өтініші болғанда;

      4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өтініші болғанда;

      5) шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне және денсаулығына зиян келтіру қаупі туындаған өзге де жағдайларда қабылдайды.

      18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген жағдайлар орын алған кезде жүйе әкімшісі бір тәулік ішінде мынадай шараларды қабылдайды:

      1) мәліметтердің дұрыстығын, орындау мүмкін еместігі, туристік қызмет көрсету шарты бойынша туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының міндеттемелерді орындауына мүмкіндіктің болмауын, орындамауын немесе дұрыс орындамауын анықтайды;

      2) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген жағдайларда мәліметтер расталса, азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру туралы шешімді уәкілетті органмен келісіп қабылдайды;

      3) уәкілетті органмен келісу бойынша қабылданған шешім туралы туроператор және (немесе) туроператор-әуе кемесімен жалданушы басшысын, туристер болған елдегі Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесін хабардар етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.

      19. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылдар жүйе әкімшісінің осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен (олардың бірлестіктерімен) жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін жүйе әкімшісінің арнаулы шотындағы қаражат жетпеген жағдайда, сондай-ақ арнаулы шоттан пайдаланылған қаражатты өтеу үшін жүйе әкімшісі туристік қызметтер көрсету шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының банктік кепілдемесінің міндеттемелерін орындау бойынша екінші деңгейдегі банкке хат жолдайды.

      Екінші деңгейдегі банктер жүйе әкімшісі хаты негізінде хат түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде жүйе әкімшісінің немесе жүйе әкімшісі белгілеген үшінші тұлғалардың (олардың бірлестіктерінің) пайдасына банктік кепілдікпен қамтамасыз етілген сомалар шегінде ақша төлеуді қамтамасыз етеді.

  бұйрығына
2-қосымша

Шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасы

№ Р/с

Шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын субъектісі

Банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасы

1.

Туроператор

5 000 АЕК

2.

Туроператор-әуе кемесімен жалданушы

15 000 АЕК

  бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнаулы ашылған банктік шотқа аударылуға жататын ақша сомасы

№ Р/с

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектісі

Өткізген әрбір туристік өнімнен банктік шотқа аударылуға жататын ақша сомасы

1

Туроператор

0,5 АЕК

2

Туроператор-әуе кемесімен жалданушы

0,5 АЕК


Об утверждении Правил функционирования системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма, суммы денег, подлежащих обеспечению банковской гарантией для туроператоров и туроператоров-фрахтователей, осуществляющих деятельность в сфере выездного туризма, суммы денег, подлежащих перечислению на банковский счет, открытый специально для администратора системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 2 августа 2023 года № 212. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 августа 2023 года № 33251.

      В соответствии с подпунктом 10-2) статьи 11 Закона Республики Казахстан "О туристской деятельности в Республике Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила функционирования системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) сумму денег, подлежащих обеспечению банковской гарантией для туроператоров и туроператоров-фрахтователей, осуществляющих деятельность в сфере выездного туризма, согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      3) сумму денег, подлежащих перечислению на банковский счет, открытый специально для администратора системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      2. Комитету индустрии туризма Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение трех рабочих дней после его введения в действие размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Оралов
      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
от 2 августа 2023 года № 212

Правила функционирования системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила функционирования системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 10-2) статьи 11 Закона Республики Казахстан "О туристской деятельности в Республике Казахстан" (далее – Закон) и определяют порядок функционирования системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) специальный счет – банковский счет, открытый специально для администратора системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма;

      2) система гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма (далее – система) – совокупность правоотношений между гражданами Республики Казахстан, турагентами, туроператорами, туроператорами-фрахтователями, администратором системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма и уполномоченным органом, обеспечивающих защиту прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма;

      3) администратор системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма – юридическое лицо, определенный уполномоченным органом, единственным видом деятельности которого является осуществление функций администратора системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма;

      4) туристский код – уникальный номер, присваиваемый туристу туроператором в сфере выездного туризма, гарантирующий обязательства туроператора в рамках организованного выездного туризма;

      5) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий функции государственного управления в области туристской деятельности.

Глава 2. Порядок функционирования системы

      3. Субъектами системы являются:

      1) туроператоры, осуществляющие деятельность в сфере выездного туризма (далее – туроператоры);

      2) туроператоры-фрахтователи, осуществляющие деятельность в сфере выездного туризма (далее – туроператоры-фрахтователи);

      3) турагенты, осуществляющие деятельность в сфере выездного туризма (далее – турагенты);

      4) администратор системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма (далее – администратор системы).

      4. В целях обеспечения исполнения обязательств, предусмотренных в пункте 1 статьи 27-3 Закона, туроператоры и туроператоры-фрахтователи предоставляют администратору системы:

      1) подлинник либо нотариально засвидетельствованную копию договора банковской гарантии на сумму денег, утвержденной уполномоченным органом, заключенного туроператором и туроператором-фрахтователем с банком второго уровня Республики Казахстан;

      2) сведения о перечислении на специальный счет туроператором и туроператором-фрахтователем суммы денег с каждого реализованного турагентом гражданину Республики Казахстан туристского продукта, утвержденной уполномоченным органом.

      5. Сведения о перечислении на специальный счет денег в размере, утвержденном уполномоченным органом, предоставляются туроператорами и (или) туроператорами-фрахтователями администратору системы ежемесячно не позднее 5 числа месяца, следующего за отчетным, по форме, установленной администратором системы.

      Администратор системы ежемесячно проводит с туроператорами и (или) туроператорами-фрахтователями сверку сведений о реализованных гражданам Республики Казахстан туристских продуктах и сумм денег, подлежащих перечислению на специальный счет.

      6. Администратор системы осуществляет:

      1) администрирование механизма присвоения туристского кода гражданам Республики Казахстан в рамках выездного туризма;

      2) прием дифференцированной суммы гарантирования, определенной уполномоченным органом;

      3) аналитическую и исследовательскую работу для подготовки предложений в уполномоченный орган по индексации размера сумм денег, перечисляемых с каждого реализованного турагентом гражданину Республики Казахстан туристского продукта, и сумм, подлежащих обеспечению банковской гарантией, заключенной туроператором и туроператором-фрахтователем с банком второго уровня Республики Казахстан.

      7. Система не распространяется на правоотношения граждан Республики Казахстан с турагентами, туроператорами, туроператорами-фрахтователями, администратором системы и уполномоченным органом, связанные с поездками делового характера.

      К поездкам делового характера относится посещение страны (места) временного пребывания гражданами Республики Казахстан в профессионально-деловых целях, занимающимися оплачиваемой деятельностью.

      8. Администратор системы ежегодно размещает отчеты о своей деятельности на интернет-ресурсе администратора системы и публикует их в периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, по истечении 30 календарных дней, следующих за отчетным периодом.

Глава 3. Порядок возврата внесенной банковской гарантии, а также перечисленных средств за реализованные туристские продукты и применение метода зачета перечислений

      9. Администратор системы в соответствии со статьей 27-2 Закона осуществляет:

      1) возврат внесенной банковской гарантии, а также перечисленных средств за реализованные туристские продукты туроператору или туроператору-фрахтователю системы при условии отсутствия фактов вывоза граждан Республики Казахстан по вине данного туроператора или туроператора-фрахтователя системы в случае прекращения им вида туроператорской деятельности в сфере выездного туризма;

      2) возврат внесенной банковской гарантии туроператором или туроператором-фрахтователем системы при достижении предельной суммы банковской гарантии данному туроператору или туроператору-фрахтователю.

      Для возврата внесенной банковской гарантии, а также перечисленных средств за реализованные туристские продукты туроператор или туроператор-фрахтователь направляют администратору системы письменное заявление (далее – заявление) в произвольной форме.

      10. Администратор системы в течение 10 рабочих дней со дня поступления заявления проводит сверку перечисленных средств туроператором или туроператором-фрахтователем, проверку на отсутствие фактов вывоза граждан Республики Казахстан по вине данного туроператора или туроператора-фрахтователя, а также учитывает наличие или отсутствие необходимости вывоза туристов туроператора или туроператора-фрахтователя.

      11. После проведенной сверки администратор системы в течение 5 рабочих дней принимает решение о возврате либо отказе в возврате:

      1) внесенной банковской гарантии, а также перечисленных средств за реализованные туристские продукты в случае, предусмотренном подпунктом 1) пункта 9 настоящих Правил;

      2) внесенной банковской гарантии в случае, предусмотренном подпунктом 2) пункта 9 настоящих Правил.

      12. Возврат банковской гарантии администратором системы осуществляется в течение 15 рабочих дней со дня поступления заявления путем составления акта-приема передачи банковской гарантии.

      Возврат перечисленных средств за реализованные туристские продукты осуществляется администратором системы в течение 15 рабочих дней со дня поступления заявления путем перечисления средств на банковский счет туроператора или туроператора-фрахтователя.

      13. В случае возврата банковской гарантии, указанной в подпункте 2) пункта 9 настоящих Правил, при уменьшении суммы перечисленных средств за реализованные туристские продукты ниже суммы денег, подлежащей обеспечению банковской гарантией в соответствующем финансовом году, туроператором или туроператором-фрахтователем данная сумма пополняется в течение 5 рабочих дней со дня уменьшения указанной суммы либо предоставляется подлинник или нотариально засвидетельствованная копия договора банковской гарантии администратору системы в течение 30 календарных дней со дня уменьшения указанной суммы.

      14. При возврате банковской гарантии и перечисленных средств за реализованные туристские продукты, а также достижении предельной суммы банковской гарантии комиссионный сбор и средства, затраченные на вывоз граждан Республики Казахстан по вине данного туроператора или туроператора-фрахтователя, удерживаются из суммы денег, подлежащих перечислению в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 27-3 Закона.

      15. Администратор системы обеспечивает применение метода зачета перечислений на следующий календарный год для туроператора или туроператора-фрахтователя системы через три года с момента вхождения данного туроператора или туроператора-фрахтователя в систему, за исключением суммы комиссии, отведенной на деятельность администратора системы.

Глава 4. Порядок осуществления мероприятий по защите прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма

      16. Действия по защите прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма (далее – действия по защите прав граждан) включают в себя:

      1) вывоз граждан Республики Казахстан, являющихся туристами, с территории страны (места) временного пребывания на территорию Республики Казахстан авиатранспортом, железнодорожным, автомобильным или водным транспортом;

      2) обеспечение размещения (временного проживания) граждан Республики Казахстан, являющихся туристами, в гостинице или ином месте размещения на срок до начала осуществления вывоза на территорию Республики Казахстан (в случае, если период вынужденного ожидания вывоза составляет более 8 часов – в дневное время и более 6 часов – в ночное время);

      3) доставку граждан Республики Казахстан, являющихся туристами, от местонахождения в стране временного пребывания до пункта осуществления вывоза на территорию Республики Казахстан;

      4) организацию питания граждан Республики Казахстан, являющихся туристами (в случае, если период вынужденного ожидания вывоза составляет более 4 часов).

      17. Решение об осуществлении действий по защите прав граждан принимается администратором системы по согласованию с уполномоченным органом в следующих случаях:

      1) письменного или устного обращения гражданина Республики Казахстан в случае нарушения его прав в сфере выездного туризма;

      2) обращения государственных органов по фактам нарушения законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности в сфере выездного туризма;

      3) письменного обращения объединения (объединений) туристов по фактам нарушения прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма;

      4) обращения средств массовой информации по фактам нарушения прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма;

      5) иных случаях возникновения угрозы причинения вреда жизни и здоровью граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма.

      18. При наступлении случаев, указанных в пункте 17 настоящих Правил, администратор системы в течение суток принимает следующие меры:

      1) уточняет достоверность сведений, обстоятельств невозможности исполнения, неисполнения или ненадлежащего исполнения туроператором или туроператором-фрахтователем обязательств по договору на туристское обслуживание;

      2) принимает согласованное с уполномоченным органом решение об осуществлении действий по защите прав граждан при подтверждении сведений в случаях, указанных в пункте 17 настоящих Правил;

      3) уведомляет о принятом по согласованию с уполномоченным органом решении руководителя туроператора и (или) туроператора-фрахтователя, загранучреждение Республики Казахстан в стране нахождения туристов, а также информирует граждан Республики Казахстан через средства массовой информации.

      19. Действия по защите прав граждан осуществляются в соответствии с договорами, заключенными администратором системы с третьими лицами (их объединениями), оказывающими услуги, указанные в пункте 16 настоящих Правил.

      20. В случае недостаточности средств на специальном счете администратора системы для осуществления действий по защите прав граждан Республики Казахстан, указанных в пункте 16 настоящих Правил, а также для компенсации использованных средств специального счета администратор системы направляет банку второго уровня письмо по исполнению обязательств по банковской гарантии туроператора или туроператора-фрахтователя, не исполнивших обязательства по договору на туристское обслуживание.

      Банки второго уровня на основании письма администратора системы в течение 5 календарных дней с момента поступления письма обеспечивают оплату в пользу администратора системы либо третьих лиц (их объединений), определенных администратором системы, денег в пределах сумм, обеспеченных банковской гарантией.

  Приложение 2 к приказу

Сумма денег, подлежащих обеспечению банковской гарантией для туроператоров и туроператоров-фрахтователей, осуществляющих деятельность в сфере выездного туризма

№ п/п

Субъект, осуществляющий деятельность в сфере выездного туризма

Сумма денег, подлежащих обеспечению банковской гарантией

1.

Туроператор

5 000 МРП

2.

Туроператор-фрахтователь

15 000 МРП

  Приложение 3 к приказу

Сумма денег, подлежащих перечислению на банковский счет, открытый специально для администратора системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма

№ п/п

Субъект системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма

Сумма денег с каждого реализованного туристского продукта, подлежащих перечислению на банковский счет

1.

Туроператор

0,5 МРП

2.

Туроператор-фрахтователь

0,5 МРП