"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнаулы ашылған банктік шотқа аударылуға жататын ақша сомасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында оның қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Оралов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2023 жылғы 2 тамыздағы № 212 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы шот – Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі үшін арнаулы ашылған банктік шот;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі (бұдан әрі – жүйе) – Қазақстан Республикасының азаматтары, турагенттер, туроператорлар, туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі және Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган арасындағы құқықтық қатынастар жиынтығы;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – уәкілетті орган айқындаған, жалғыз қызмет түрі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлға;
4) туристік код – шығу туризмі саласындағы туроператор туриске беретін, ұйымдастырылған шығу туризмі шеңберінде туроператордың міндеттемелеріне кепілдік беретін бірегей нөмір;
5) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Жүйенің жұмыс істеу тәртібі
3. Жүйенің субъектілері:
1) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар (бұдан әрі – туроператорлар);
2) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар – әуе кемесімен жалданушылар (бұдан әрі – туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар);
3) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын турагенттер (бұдан әрі – турагенттер);
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі (бұдан әрі – жүйенің әкімшісі) болып табылады.
4. Туроператорлар және туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар Заңның 27-3-бабының 1-тармағында көзделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жүйе әкімшісіне мыналарды:
1) туроператорлармен және туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылармен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкімен жасасқан уәкілетті орган бекіткен сомадағы ақшаны банктік кепілдік шартының түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін;
2) туроператормен немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушымен арнаулы шотқа турагент Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен уәкілетті орган бекіткен ақша сомасын аударған туралы мәліметтерді береді.
5. Арнаулы шотқа уәкілетті орган бекіткен мөлшерде ақшаны аудару туралы мәлімет жүйе әкімшісі белгіленген нысан бойынша туроператорлармен және (немесе) туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылармен ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей жүйе әкімшісіне беріледі.
Жүйе әкімшісі ай сайын туроператорлармен және (немесе) туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылармен Қазақстан Республикасының азаматтарына өткізген туристік өнімдер туралы мәліметтер және арнаулы шотқа аударылуға тиіс ақша сомалары бойынша салыстыруды жүргізеді.
6. Жүйенің әкімшісі:
1) шығу туризмі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына туристік код беру тетігін әкімшілендіруді;
2) уәкілетті орган айқындаған кепілдік берудің сараланған сомасын қабылдауды;
3) туроператормен және туроператор-әуе кемесімен жалданушымен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкімен жасасқан Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен аударылатын ақша сомаларының және банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын сомалардың мөлшерін индекстеу бойынша уәкілетті органға ұсыныстарды дайындау үшін талдамалық және зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.
7. Жүйе Қазақстан Республикасы азаматтарының турагенттермен, туроператорлармен, туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылармен, жүйенің әкімшісімен және уәкілетті органмен іскерлік сипаттағы сапарларға байланысты құқықтық қатынастарына қолданылмайды.
Іскерлік сипаттағы сапарларға кәсіби-іскерлік мақсаттарда уақытша болатын елге (жерге) ақылы қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасы азаматтарының баруы жатады.
8. Жүйе әкімшісі жыл сайын өз қызметі туралы есепті жүйе әкімшісінің интернет-ресурсында орналастырады және оларды есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік 30 күн өткен соң Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарын жариялайды.
3-тарау. Енгізілген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтару және аударымдарды есепке жатқызу әдісінің қолданылу тәртібі
9. Жүйенің әкімшісі Заңның 27-2-бабына сәйкес:
1) жүйе туроператоры немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушысы шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметтің түрін тоқтатқан жағдайда олардың кінәсінен Қазақстан Республикасының азаматтарын әкету фактілерінің болмауы шартымен жүйе туроператорына немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушысына енгізілген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтаруға;
2) банк кепілдігінің шекті сомасына қол жеткізілген кезде жүйе туроператоры немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушысы енгізген банк кепілдігін осы туроператорға немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушыға қайтаруды жүзеге асырады.
Енгізілген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтару үшін туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы жүйенің әкімшісіне еркін нысанда жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш) жібереді.
10. Жүйе әкімшісі өтініш түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы аударған қаражатты салыстыруды жүргізеді, туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының кінәсінен Қазақстан Республикасының азаматтарын әкету фактілерінің болмауын тексереді, сондай-ақ туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының туристерін әкету қажеттігінің бар немесе жоқ екенін ескереді.
11. Жүргізілген салыстырудан кейін жүйе әкімшісі 5 жұмыс күні ішінде:
1) осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, енгізілген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты;
2) осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, енгізілген банк кепілдігін қайтару немесе қайтарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
12. Банк кепілдігін қайтаруды жүйе әкімшісі өтініш түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде банк кепілдігін қабылдау тапсыру-актісін жасау арқылы жүзеге асырады.
Өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтаруды жүйе әкімшісі өтініш түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаражатты туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырады.
13. Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк кепілдігі қайтарылған жағдайда, өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражат сомасы тиісті қаржы жылында банк кепілдігімен қамтамасыз етілуге жататын ақша сомасынан төмен болған жағдайда, туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы осы соманы көрсетілген сома азайған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде толықтырады не көрсетілген сома азайған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүйе әкімшісіне банктік кепілдік шартының түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
14. Банк кепілдігін және өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтарған кезде, сондай-ақ банк кепілдігі шекті сомаға жеткен кезде комиссиялық алым және осы туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының кінәсінен Қазақстан Республикасының азаматтарын әкетуге жұмсалған қаражат Заңның 27-3-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес аударылуға жататын ақша сомасынан ұсталады.
15. Жүйе әкімшісінің қызметіне бөлінген комиссия сомасын қоспағанда, жүйе әкімшісі осы туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы жүйеге кірген сәттен бастап үш жылдан кейін жүйенің туроператоры немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушысы үшін келесі күнтізбелік жылға аударымдарды есепке жатқызу әдісінің қолданылуын қамтамасыз етеді.
4-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі
16. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылдары (бұдан әрі – азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-қимылдар) мыналарды қамтиды:
1) турист болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болатын елдегі (жердегі) аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына авиакөлігі, теміржол көлігі, автокөлік немесе су көлігі арқылы қайтару;
2) турист болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағына қайтаруға дейінгі уақытта, оларды қонақ үй немесе басқа да орналастыру орындарына орналастыруды (уақытша тұру) қамтамасыз ету (егер қайтаруды еріксіз күту мерзімі күндізгі уақытта 8 сағаттан көп, ал түнгі уақытта 6 сағаттан көп болса);
3) турист болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болған мемлекеттегі болған орынынан Қазақстан Республикасының аумағына қайтару жүзеге асырылатын орынға дейін жеткізу;
4) турист болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының тамақтандыруларын ұйымдастыру (егер қайтаруды еріксіз күту мерзімі 4 сағаттан көп болса).
17. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру туралы шешімді жүйе әкімшісі уәкілетті органмен келісу бойынша мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтары бұзылған жағдайда, оның жазбаша немесе ауызша өтініші болғанда;
2) шығу туризмі саласындағы туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініші болғанда;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша туристер бірлестігінің (бірлестіктерінің) жазбаша өтініші болғанда;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өтініші болғанда;
5) шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне және денсаулығына зиян келтіру қаупі туындаған өзге де жағдайларда қабылдайды.
18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген жағдайлар орын алған кезде жүйе әкімшісі бір тәулік ішінде мынадай шараларды қабылдайды:
1) мәліметтердің дұрыстығын, орындау мүмкін еместігі, туристік қызмет көрсету шарты бойынша туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының міндеттемелерді орындауына мүмкіндіктің болмауын, орындамауын немесе дұрыс орындамауын анықтайды;
2) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген жағдайларда мәліметтер расталса, азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру туралы шешімді уәкілетті органмен келісіп қабылдайды;
3) уәкілетті органмен келісу бойынша қабылданған шешім туралы туроператор және (немесе) туроператор-әуе кемесімен жалданушы басшысын, туристер болған елдегі Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесін хабардар етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.
19. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылдар жүйе әкімшісінің осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен (олардың бірлестіктерімен) жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
20. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін жүйе әкімшісінің арнаулы шотындағы қаражат жетпеген жағдайда, сондай-ақ арнаулы шоттан пайдаланылған қаражатты өтеу үшін жүйе әкімшісі туристік қызметтер көрсету шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының банктік кепілдемесінің міндеттемелерін орындау бойынша екінші деңгейдегі банкке хат жолдайды.
Екінші деңгейдегі банктер жүйе әкімшісі хаты негізінде хат түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде жүйе әкімшісінің немесе жүйе әкімшісі белгілеген үшінші тұлғалардың (олардың бірлестіктерінің) пайдасына банктік кепілдікпен қамтамасыз етілген сомалар шегінде ақша төлеуді қамтамасыз етеді.
бұйрығына 2-қосымша |
Шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасы
№ Р/с | Шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын субъектісі | Банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасы |
1. | Туроператор | 5 000 АЕК |
2. | Туроператор-әуе кемесімен жалданушы | 15 000 АЕК |
бұйрығына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнаулы ашылған банктік шотқа аударылуға жататын ақша сомасы
№ Р/с | Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектісі | Өткізген әрбір туристік өнімнен банктік шотқа аударылуға жататын ақша сомасы |
1 | Туроператор | 0,5 АЕК |
2 | Туроператор-әуе кемесімен жалданушы | 0,5 АЕК |