"Түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарлама тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 259 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 601 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 тамызда № 33360 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарлама тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28082 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілді:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарламалық тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарда:

      3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) металл сынықтарында нормалау құжаттарында белгіленген деңгейден асатын радиоактивті ластануды анықтауды қамтамасыз ететін дозиметриялық және радиометриялық аппаратура. Радиациялық бақылау аппаратурасында "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген) сәйкес Мемлекеттік тексеру сертификаттары бар.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 11 мая 2022 года № 259 "Об установлении требований к юридическим лицам, осуществляющим деятельность по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов в уведомительном порядке"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 25 августа 2023 года № 601. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 августа 2023 года № 33360

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 11 мая 2022 года № 259 "Об установлении требований к юридическим лицам, осуществляющим деятельность по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов в уведомительном порядке" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 28082) следующее изменение:

      в Требованиях к юридическим лицам, осуществляющим деятельность по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов в уведомительном порядке, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 8) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "8) дозиметрическая и радиометрическая аппаратура, обеспечивающая обнаружение в металлоломе радиоактивного загрязнения, превышающего уровни, установленные в документах нормирования. Аппаратура радиационного контроля имеет сертификаты Государственной поверки согласно приказу Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 августа 2022 года № ҚР ДСМ-90 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к радиационно-опасным объектам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 29292).".

      2. Комитету индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
М. Карабаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан