Кәсіптік біліктілікті тану қағидаларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 қыркүйекте № 33387 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 04.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына, сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қағидалары айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау минитрі
С. Жакупова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау минитрі
2023 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 374 бұйрығына
қосымша

Кәсіптік біліктілікті тану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіптік біліктілікті тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіптік біліктілікті тану рәсімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) біліктілік бағдарламасы – кәсіптік біліктілігін тануға үміткер кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде белгілі бір жабдықты, әдіснаманы және (немесе) құралдарды пайдалана отырып, белгілі бір жұмыс жағдайларында білімді, машық пен дағдыны қолдануға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін пайдаланылатын шаралар кешені;

      2) кәсіптік біліктілікті тану орталығы (бұдан әрі – тану орталығы) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, кәсіптік біліктілікті тануды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат – кандидаттың кәсіптік біліктілігінің белгілі бір кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындауға қойылатын талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

      4) кәсіптік біліктілігін тануға үміткер кандидат (бұдан әрі – кандидат) – өзінің кәсіптік біліктілігін тану үшін ерікті түрде, өз бетінше немесе жұмыс берушінің жолдамасы бойынша жүгінген жеке тұлға;

      7) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;

      8) онлайн прокторинг – шу деңгейін анықтаумен, мультифейсті танумен, бөлмені 360 градус режимінде жазуға сұраныспен, күдікті оқиғаларды логирлеумен, жазбаны сақтауды, жеке тұлғаны тану мен сәйкестендіруді, бас пен дененің қозғалысын талдауды қамтамасыз ететін жеке тұлғаны тексеру және онлайн емтихан нәтижелерін растау жүйесі.

      3. Кәсіптік біліктілікті тану кәсіптер тізіліміне енгізілген кәсіптер бойынша ерікті негізде жүзеге асырылады.

2-тарау. Кәсіптік біліктілікті тану рәсімін өткізу тәртібі

      4. Кандидат кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту үшін тану орталығына қағаз нысанда ұсынады немесе Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы (бұдан әрі – ҰБЖ цифрлық платформасы) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) білім туралы құжаттың және (немесе) білім туралы құжатты тану туралы куәліктің, оқудан өткенін, оның ішінде қысқа мерзімді курстардан өткенін куәландыратын құжаттың, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді аяқтамаған адамдарға анықтаманың, бейресми білім беруді тану үшін сертификаттың немесе оқуды аяқтау туралы куәліктің көшірмесін;жеке басты куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің көшірмесі;

      3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаттардың көшірмелері (бар болса).

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар білім деңгейіне және еңбек өтілінің болуына қойылатын талаптар тиісті кәсіптік стандарттарда, ал олар болмаған кезде – біліктілік талаптарында белгіленген жағдайда ұсынылады.

      5. Тану орталығы өтініш тіркелген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде кандидат ұсынған құжаттардың толықтығын және өтініштің дұрыс толтырылуын тексереді.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) өтініш дұрыс толтырылмаған жағдайда, тану орталығы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде кандидатқа тану орталығының басшысы қол қойған қағаз немесе электрондық нысанда ҰБЖ цифрлық платформасы арқылы кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметті көрсетуге шарт жасасудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Кандидат құжаттардың толық топтамасын берген және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде өтінішті дұрыс толтырған кезде тану орталығы кандидатпен кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметті көрсетуге шарт жасасады.

      6. Кандидатпен кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметті көрсетуге шарт жасасқан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде тану орталығы кандидатқа кәсіптік біліктілікті тану рәсімін өткізу күні, уақыты және орны туралы хабарлама жібереді.

      Осы Қағидалардың 7 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, хабарламаны жіберу күні мен кәсіптік біліктілікті тануды өткізу күні арасындағы кезең кемінде он жұмыс күнін құрайды.

      7. Егер кандидат өзінің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде кәсіптік біліктілігін тану рәсімінен өтпеген жағдайда:

      кандидат өзінің уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы тану орталығын хабардар етеді және кейіннен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ДСМ-198/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) бекітілген, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтың көшірмесін ұсыну арқылы растайды;

      тану орталығы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ДСМ-198/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) бекітілген, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтың көшірмесін алғаннан кейін кәсіптік біліктілікті тануды өткізудің басқа күні мен уақытын белгілейді.

      8. Кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту басталғанға дейін тану орталығы кандидатты мыналармен таныстырады:

      1) Заңның 17-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген біліктілік бағдарламасында белгіленген кәсіптік біліктілікті тану рәсімінің құралдарымен және (немесе) әдіснамасымен;

      2) шағым беру және апелляция беру рәсімдерімен жүзеге асырылады.

      Тану орталығы кандидатқа кәсіптің сипатына, жұмыс түріне, өндіріс ерекшелігіне және еңбек жағдайларына қарай жабдықты пайдалану және қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқама жүргізеді. Кіріспе нұсқаманы тіркеу журналын тану орталығы қағаз түрінде жүргізеді.

      9. Кәсіптік біліктілікті тану рәсімін тану орталығы құратын емтихан комиссиясы жүргізеді және мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) теориялық білімге емтихан өткізу (емтиханның теориялық кезеңі);

      2) практикалық дағдыларға емтихан өткізу (емтиханның практикалық кезеңі).

      Кәсіптік біліктілікті тану рәсімі кандидатты таңдау бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, біліктілік бағдарламасында белгіленген талаптарға сәйкес офлайн немесе онлайн режимде жүргізіледі.

      10. Кәсіптік біліктілікті офлайн режимде тану рәсімін жүргізу кезінде тану орталығы мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) "Мүгедектігі бар адамдардың жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 179 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32613 болып тіркелген) бекітілген кандидаттарға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бар адамдардың жұмыс орны стандартының талаптарын сақтай отырып, кәсіптік біліктілікті тану рәсімдеріне қол жеткізу;

      2) Заңның 17-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген біліктілік бағдарламасында белгіленген талаптарға сәйкес жабдықтың және (немесе) ақпараттандыру объектісінің болуы.

      11. Онлайн-режимде кәсіптік біліктілікті тану рәсімін жүргізу кезінде:

      1) тану орталығы кандидатқа:

      мүгедектігі бар адамдарға оның тыныс-тіршілігіне шектеулер дәрежесін ескере отырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз ету шартымен, кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту үшін ақпараттандыру объектісін;

      онлайн прокторинг белгілеуге сілтеме береді;

      2) кандидат Интернет желісіне үздіксіз қол жеткізе алатын және жарамды Web-камера мен микрофоны бар дербес компьютердің болуын қамтамасыз етеді.

      Кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту кезінде техникалық ақаулар туындаған кезде тану орталығы оның өтуін басқа күнге ауыстырады және кандидатты кәсіптік біліктілікті тану рәсімін өткізудің жаңа күні туралы хабардар етеді.

      12. Емтиханның теориялық және практикалық кезеңдерін өткізу кезінде ақпаратты тасымалдау функцияларымен жабдықталған ұялы байланыс заттарын, оның ішінде пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, ойнатқыштар, модемдер (мобильді маршрутизаторлар), радио-электрондық байланыстың) смарт сағат, смарт-көзілдірік, фитнес-білезік (трекер), диктофон, калькулятор, сымды және сымсыз құлаққаптар, шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттердің кез келген түрін пайдалануға жол берілмейді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заттарды пайдалануға оларды пайдалану біліктілік бағдарламасында көзделген жағдайларда жол беріледі.

      13. Кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту кезінде осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген бұзушылықты тіркеу кезінде:

      онлайн-режимде кандидатқа онлайн прокторинг ескерту шығарады, бұзушылықты қайта тіркеген кезде кәсіптік біліктілікті танудан өту рәсімі автоматты түрде аяқталады;

      офлайн режимде емтихан комиссиясы кандидатты ауызша ескертеді, қайта бұзылған жағдайда – емтиханнан шеттетеді.

      14. Осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген жағдайларда емтихан комиссиясы бұзушылық туралы акт жасайды, ол кандидаттың жеке ісінде сақталады.

      15. Емтиханның теориялық кезеңінде сұрақтардың жалпы санынан жетпіс пайыздан астам дұрыс жауап алған үміткер емтиханның практикалық кезеңін тапсыруға жіберіледі.

      16. Емтиханның практикалық кезеңінде үміткер біліктілік бағдарламасының технологиялық картасына сәйкес практикалық тапсырманың орындалуын бағалайды.

      17. Кандидат біліктілік бағдарламасының технологиялық картасына сәйкес практикалық тапсырманы орындамаған жағдайда емтихан комиссиясы кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтпеу туралы шешім шығарады.

      Кандидат практикалық тапсырманы біліктілік бағдарламасының технологиялық картасына сәйкес орындаған жағдайда емтихан комиссиясы кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту туралы шешім шығарады.

      Емтихан комиссиясының шешімдері кәсіптік біліктілікті кандидат деп тану рәсімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.

      18. Тану орталығы кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту туралы шешім қабылданған кандидаттарға хаттамаға қол қойылған күннен кейін 3 жұмыс күні ішінде:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның кәсіптік біліктілігін тану туралы құжат береді;

      2) кандидаттың Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына, сондай-ақ ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, сүйемелдеу және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидаларына сәйкес цифрлық платформаға кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуі туралы мәліметтерді енгізеді, Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген.

      19. Тану орталығы кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтпеу туралы шешім қабылданған кандидаттарға хаттамаға қол қойылған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде:

      1) қабылданған шешім туралы және емтиханның теориялық және практикалық кезеңдерін қайта тапсыру мүмкіндігі туралы хабарлама жібереді;

      2) білімін, машығы мен дағдыларын арттыру туралы ұсынымдар береді.

3-тарау. Тану орталығының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Емтихан комиссиясының қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда кандидат кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту нәтижелерін алған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту қорытындылары бойынша нәтижелерді қайта қарау үшін апелляцияға өтінішті тану орталығына жібереді.

      21. Тану орталығы өтінішті тіркейді және апелляциялық комиссияның қарауына жібереді.

      22. Апелляциялық комиссия кандидаттың өтінішін алған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде ол бойынша шешім қабылдайды және оны кандидатқа жібереді.

      23. Апелляциялық комиссияның оң қорытындысы болған жағдайда тану орталығы осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген мерзімдер мен тәртіппен оның кәсіптік біліктілігін тану туралы құжат береді.

  Кәсіптік біліктілікті
тану қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      _______________________________________________________________

      кәсіптік біліктілікті тану орталығының атауы

  от__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса)
____________________________
(ЖСН, туған жылы, күні және
айы)
тұрғылықты мекен-жайы:
____________________________
____________________________
электрондық пошта мекенжайы:
____________________________
  байланыс телефоны (ұялы,
жұмыс):
____________________________

Кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуге ӨТІНІШ

      Біліктілікті немесе дағды деңгейін белгілеу кәсіптік біліктілікті тану рәсімін өткізуді

      сұраймын _________________________________________________.

      (кәсіптің атауы)

      Біліктілік деңгейінің (ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес) болуын, біліктілік деңгейін

      ____________ жылға дейін белгілейтін біліктілікті тану туралы құжаттың (бар болса)

      қолданылу мерзімін растаймын.

      Мен өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын (ақпараттық білім беру

      нәтижелерінің сипаттамасы (бар болса):

      білімге ие болу: _________________________________.

      менің мынадай дағдыларым, машықтарым бар: _____________________.

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту кезінде дербес деректерді өңдеуге келісемін

      және менің дербес деректерімді ҰБЖ цифрлық платформасында орналастыруға келісім

      беремін:

      20 ____ жылғы "____" _________

      Қолы____________

  Кәсіптік біліктілікті
тану қағидаларына
2-қосымша
нысаны

      ____________________________________________________________

      (Кәсіптік біліктілікті тану орталығының атауы)

Кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат

      ____________________________ берілді және оның __________________

      (Т.А.Ә. бар болса)

      кәсібі бойынша кәсіптік біліктілігін растайды.

      Берілген күні: ______________

      Қолданылу мерзімі: _________________

      Gov-тағы QR-код

      Тану орталығының басшысы:________________ Қолы____________

      Ескертпе: * кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаттың сериялық нөмірі ҰБЖ цифрлық

      платформасы арқылы беріледі және алты деңгейлі біліктілік жүйесін білдіреді, мұнда

      әрбір деңгейдің белгіленуі, коды және элементтер саны болады:

Код

ХХХХХ -

ХХХХХХХХ-

Х-

ХХХХХХ-

ХХХХ-

ХХХХХХХХ

Деңгейлер

1

2

3

4

5

6

      1 деңгей – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес 5 белгіге

      (кіші сыныпқа) сәйкес еңбек қызметінің түрі;

      2 деңгей – Ұлттық кәсіптер сыныптауышына сәйкес кәсіптің коды. Ұлттық кәсіптер

      сыныптауышында кәсіп коды болмаған жағдайда, "0" цифры көрсетілелді;

      3 деңгей – кәсіптік біліктілік танылған ұлттық біліктілік шеңбері деңгейінің коды;

      4 деңгей – кәсіптік біліктілікті тану рәсімін өткізу күні (күні, айы, жылы);

      5 деңгей – оны аккредиттеу кезінде алынған тану орталығының нөмірі;

      6 деңгей – кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаттың реттік нөмірі.

Об определении правил признания профессиональных квалификаций

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 6 сентября 2023 года № 374. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 сентября 2023 года № 33387.

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 04.09.2023

      В соответствии пунктом 3 статьи 15 Закона Республики Казахстан "О профессиональных квалификациях", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Определить прилагаемые Правила признания профессиональных квалификаций согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      2. Департаменту развития национальной системы квалификаций и прогнозирования Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 4 сентября 2023 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
С. Жакупова

  Приложение
к приказу Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 6 сентября 2023 года № 374

Правила признания профессиональных квалификаций

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила признания профессиональных квалификаций (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 15 Закона Республики Казахстан "О профессиональных квалификациях" (далее - Закон) и определяют порядок признания профессиональных квалификаций.

      2. Основные термины и определения, используемые в настоящих Правилах:

      1) квалификационная программа – комплекс мер, используемых для оценки соответствия кандидата, претендующего на признание профессиональной квалификации, требованиям профессиональных стандартов, а при их отсутствии – квалификационным требованиям к применению знаний, умений и навыков в определенных условиях работы с использованием определенного оборудования, методологии и (или) инструментов;

      2) центр признания профессиональных квалификаций (далее – центр признания) – юридическое лицо, аккредитованное в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, осуществляющее признание профессиональных квалификаций;

      3) документ о признании профессиональной квалификации – документ, удостоверяющий соответствие профессиональной квалификации кандидата требованиям, предъявляемым к выполнению трудовых функций по определенной профессии;

      4) кандидат, претендующий на признание профессиональной квалификации (далее – кандидат), – физическое лицо, обратившееся добровольно, самостоятельно или по направлению работодателя для признания его профессиональной квалификации;

      7) признание профессиональной квалификации – процедура оценки и принятия решения о соответствии кандидата требованиям профессиональных стандартов, а при их отсутствии – квалификационным требованиям;

      8) онлайн прокторинг – система верификации личности и подтверждения результатов прохождения онлайн-экзаменов, которая обеспечивает сохранение записи, распознавание и идентификацию личности, анализ движений головы и тела, с определением уровня шума, распознаванием мультифейса, запроса на запись комнаты в режиме 360 градусов, логирование подозрительных событий.

      3. Признание профессиональных квалификаций осуществляется на добровольной основе по профессиям, включенным в реестр профессий.

Глава 2. Порядок проведения процедуры признания профессиональной квалификации

      4. Кандидат для признания профессиональной квалификации предоставляет в центр признания в бумажной форме или посредством цифровой платформы Национальной системы квалификаций (далее – цифровая платформа НСК) следующие документы:

      1) заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) копию документа об образовании и (или) удостоверения о признании документа об образовании, документа, удостоверяющего прохождение обучения, в том числе прохождение краткосрочных курсов, справки лицам, не завершившим техническое и профессиональное, послесреднее образование, сертификата или свидетельства о завершении обучения для признания неформального образования;

      3) копию документа, подтверждающего трудовую деятельность;

      4) копии документов о признании профессиональных квалификаций (при наличии).

      Документы, указанные в подпунктах 2) и 3) настоящего пункта, предоставляются в случае, когда требования к уровню образования и наличию трудового стажа установлены соответствующими профессиональными стандартами, а при их отсутствии – квалификационными требованиями.

      5. Центр признания в течение трех рабочих дней после дня регистрации заявления проверяет полноту представленных кандидатом документов и правильность заполнения заявления.

      В случае представления неполного пакета документов и (или) неправильного заполнения заявления, центр признания в сроки, указанные в части первой настоящего пункта, направляет кандидату подписанный руководителем центра признания мотивированный отказ в заключении договора на оказание услуги по признанию профессиональной квалификации в бумажной или электронной форме посредством цифровой платформы НСК.

      При подаче кандидатом полного пакета документов и правильного заполнения заявления в сроки, указанные в части первой настоящего пункта, центр признания заключает с кандидатом договор на оказание услуги по признанию профессиональной квалификации.

      6. В течение пяти рабочих дней после дня заключения с кандидатом договора на оказание услуги по признанию профессиональной квалификации центр признания направляет кандидату уведомление о дате, времени и месте проведения процедуры признания профессиональной квалификации.

      Период между датой направления уведомления и датой проведения признания профессиональной квалификации составляет не менее десяти рабочих дней, за исключением случаев, предусмотренных пунктами 7 и 11 настоящих Правил.

      7. В случае, если кандидат не прошел процедуру признания профессиональной квалификации в период своей временной нетрудоспособности:

      кандидат уведомляет центр признания о своей временной нетрудоспособности и в последующем подтверждает посредством представления копии листа о временной нетрудоспособности, утвержденного приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-198/2020 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21660);

      центр признания после получения копии листа о временной нетрудоспособности, утвержденного приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-198/2020 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21660), назначает другую дату и время проведения признания профессиональной квалификации.

      8. До начала прохождения процедуры признания профессиональной квалификации центр признания ознакамливает кандидата с:

      1) методологией и (или) инструментами процедуры признания профессиональной квалификации, установленными квалификационной программой, утвержденной в соответствии с подпунктом 4) пункта 2 статьи 17 Закона;

      2) процедурами подачи жалобы и апелляции.

      Центр признания проводит кандидату вводный инструктаж по использованию оборудования и технике безопасности исходя из характера профессии, вида работ, специфики производства и условий труда. Журнал регистрации вводного инструктажа ведется центром признания в бумажном виде.

      9. Процедура признания профессиональной квалификации проводится экзаменационной комиссией, создаваемой центром признания, и состоит из следующих этапов:

      1) проведение экзамена на теоретические знания (теоретический этап экзамена);

      2) проведение экзамена на практические умения (практический этап экзамена).

      Процедура признания профессиональной квалификации проводится на государственном или русском языках по выбору кандидата, в офлайн или онлайн режиме в соответствии с требованиями, установленными в квалификационной программе.

      10. При проведении процедуры признания профессиональной квалификации в офлайн режиме центр признания обеспечивает:

      1) доступ к процедурам признания профессиональных квалификаций кандидатам, в том числе лицам с инвалидностью с соблюдением требований стандарта рабочего места лиц с инвалидностью, утвержденного приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 мая 2023 года № 179 "Об утверждении стандартов рабочего места лиц с инвалидностью" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32613);

      2) наличие оборудования и (или) объекта информатизации в соответствии с требованиями, установленными квалификационной программой, утвержденной в соответствии с подпунктом 4) пункта 2 статьи 17 Закона.

      11. При проведении процедуры признания профессиональной квалификации в онлайн режиме:

      1) центр признания предоставляет кандидату ссылку на установление:

      объекта информатизации для прохождения процедуры признания профессиональной квалификации, при условии обеспечения к ней доступа лицам с инвалидностью, с учетом степени ограничений его жизнедеятельности;

      онлайн прокторинга;

      2) кандидат обеспечивает наличие у него персонального компьютера с бесперебойным доступом к сети Интернет и исправными Web-камерой и микрофоном.

      При возникновении технических неполадок при прохождении процедуры признания профессиональной квалификации центр признания переносит ее прохождение на другой день и уведомляет кандидата о новой дате проведения процедуры признания профессиональной квалификации.

      12. При проведении теоретического и практического этапов экзамена не допускается использование предметов мобильной связи, оснащенных функциями переноса информации, в том числе пейджера, сотовых телефонов, планшета, iPad (Айпада), iPod (Айпода), SmartPhone (Смартфона), ноутбука, плейера, модема (мобильных роутера), любых видов радио-электронной связи, смарт-часов, смарт-очков, фитнес-браслета (трекера), диктофона, калькулятора, наушников проводных и беспроводных, шпаргалок, учебно-методической литературы.

      Использование предметов, указанных в части первой настоящего пункта, допускается в случаях, когда их использование предусмотрено квалификационной программой.

      13. При фиксировании нарушения, предусмотренного пунктом 12 настоящих Правил, при прохождении процедуры признания профессиональной квалификации:

      в онлайн-режиме кандидату онлайн прокторинг выносит предупреждение, при повторной фиксации нарушения процедура прохождения признания профессиональной квалификации автоматически завершается;

      в офлайн режиме, экзаменационная комиссия устно предупреждает кандидата, при повторном нарушении - отстраняет от экзамена.

      14. В случаях, установленных пунктом 13 настоящих Правил, экзаменационная комиссия составляет акт о нарушении, который хранится в личном деле кандидата.

      15. Кандидат, набравший более семидесяти процентов верных ответов от общего количества вопросов на теоретическом этапе экзамена, допускается к сдаче практического этапа экзамена.

      16. На практическом этапе экзамена оценивается выполнение практического задания кандидатом в соответствии технологической картой квалификационной программы.

      17. В случае не выполнения кандидатом практического задания в соответствии с технологической картой квалификационной программы экзаменационная комиссия выносит решение о непрохождении процедуры признания профессиональной квалификации.

      В случае выполнения практического задания кандидатом в соответствии с технологической картой квалификационной программы экзаменационная комиссия выносит решение о прохождении процедуры признания профессиональной квалификации.

      Решения экзаменационной комиссии оформляются протоколом в течение двух рабочих дней после завершения процедуры признания профессиональной квалификации кандидатом.

      18. Центр признания в течение трех рабочих дней после дня подписания протокола кандидату в отношении, которого принято решение о прохождении процедуры признания профессиональной квалификации:

      1) выдает документ о признании его профессиональной квалификации по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      2) вносит сведения о прохождении кандидатом процедуры признания профессиональной квалификации на цифровую платформу НСК в соответствии с законодательством Республики Казахстан о персональных данных и их защите, а также правилами формирования, сопровождения и системно-технического обслуживания цифровой платформы Национальной системы квалификаций, интеграции с иными информационными системами, а также анализа и обработки данных по вопросам Национальной системы квалификаций, утвержденными уполномоченным органом в соответствии с пунктом 2 статьи 6 Закона.

      19. Центр признания в течение трех рабочих дней после дня подписания протокола кандидату в отношении, которого принято решение о непрохождении процедуры признания профессиональной квалификации:

      1) направляет уведомление о принятом решении и о возможности пересдачи теоретического и практического этапов экзамена;

      2) предоставляет рекомендации о повышении знаний, умений и навыков.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействий) центра признания

      20. В случае несогласия с принятым решением экзаменационной комиссии кандидат в течение пяти рабочих дней после дня получения результатов прохождения процедуры признания профессиональной квалификации, в соответствии с пунктом 5 статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан направляет в центр признания заявление на апелляцию, для повторного рассмотрения результатов по итогам прохождения им процедуры признания профессиональной квалификации.

      21. Центр признания регистрирует заявление и направляет на рассмотрение апелляционной комиссии.

      22. Апелляционная комиссия в течение пяти рабочих дней после дня получения заявления кандидата принимает по нему решение и направляет его кандидату.

      23. В случае положительного заключения апелляционной комиссии центр признания выдает документ о признании профессиональной квалификации в сроки и порядке, установленные в пункте 18 настоящих Правил.

  Приложение 1
к Правилам признания
профессиональных квалификаций
  Форма

      _______________________________
наименование центра признания
профессиональных квалификаций

  от ________________________
(фамилия, имя, отчество
(при наличии))
___________________________
(ИИН, год, число
и месяц рождения)
адрес проживания:
___________________________
___________________________
адрес электронной почты:
___________________________
контактный телефон
(мобильный, рабочий):
____________________________

ЗАЯВЛЕНИЕ
на прохождение процедуры признания профессиональной квалификации

      Прошу провести процедуру признания профессиональной квалификации в целях
установления квалификации ____________________________________________.
(наименование профессии)
Подтверждаю наличие ______________________________ уровня квалификации
(в соответствии с национальной рамкой квалификаций),
срок действия документа о признании квалификации, устанавливающего уровень
квалификации (при наличии) до ____________________ года.
Сообщаю о себе следующие сведения
(описание результатов информального образования (при наличии)):
владею знаниями: ________________________________________________.
обладаю умениями, навыками: _____________________________________.
Прилагаемые документы:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Согласен(а) на обработку персональных данных при прохождении процедуры
признания профессиональной квалификации и даю согласие на размещение
на цифровой платформе НСК моих персональных данных.
"____" _________20_______год
Подпись____________

  Приложение 2
к Правилам признания
профессиональных квалификаций
  Форма

      ________________________________
(наименование центра признания
профессиональных квалификаций)

ДОКУМЕНТ О ПРИЗНАНИИ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КВАЛИФИКАЦИИ

      серийный № _____________
Выдан ________________________________________________ и признает его
(Ф.И.О. при наличии)
профессиональную квалификацию по профессии ________________________
Дата выдачи: ____________
Срок действия: __________.
QR-код на e-Gov
Руководитель
Центра признания: ____________________ Подпись _________________
Примечание: серийный номер документа о признании профессиональной
квалификации присваивается цифровой платформой НСК и представляет собой
шестиуровневую квалификационную систему, где каждый уровень имеет
обозначение, код и количество элементов:

Код

ХХХХХ -

ХХХХХХХХ-

Х-

ХХХХХХ-

ХХХХ-

ХХХХХХХХ

Уровни

1

2

3

4

5

6

      1 уровень – вид трудовой деятельности, в соответствии с 5 знаком (подклассом), согласно Общего классификатора видов экономической деятельности;

      2 уровень – код профессии согласно Национальному классификатору занятий. В случае отсутствия кода профессий в Национальном классификаторе занятий указывается цифра "0";

      3 уровень – код уровня национальной рамки квалификаций, по которой прошло признание профессиональной квалификации;

      4 уровень – дата проведения процедуры признания профессиональной квалификации (день, месяц, год);

      5 уровень – номер центра признания, полученный при его аккредитации;

      6 уровень – порядковый номер документа о признании профессиональной квалификации.