Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 35-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 164 Бұйрықпен бекітілген |
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидалары
1. Осы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 35-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және топішілік қаржыландыру жөніндегі мәмілелерді және мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында (бұдан әрі – Тұжырымдама) белгіленген шектеулер шеңберінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) сыртқы борыш – квазимемлекеттік сектор субъектісінің Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінен белгілі бір күнге алған және оның алдында өтелмеген қарыздарының сомасы;
2) сыртқы қарыз – қарыз беруші Қазақстан Республикасының бейрезиденті, ал қарыз алушы квазимемлекеттік сектор субъектісі болатын қарыз қатынастары.
3. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемі квазимемлекеттік сектор тартатын қарыздар портфелін тиімді басқару арқылы елдің сыртқы борышының орнықтылығы индикаторларының нашарлау тәуекелдерін барынша азайту жағдайында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жанындағы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып айқындалады.
4. Квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде жоспарланатын қаржы жылына арналған болжамды қарыз алу жоспарларын және сыртқы борышты өтеу көлемін ұсынады. Қарыз алу жоспарларын түзету даму жоспарларына өзгерістер енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті қаржы жылының соңындағы сыртқы борышының шекті көлемі Комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, тиісті қаржы жылына тартуға жоспарланып отырған сыртқы қарыздар көлемі мен тиісті қаржы жылында сыртқы борыштың болжамды өтелуі ескеріле отырып, жыл басындағы сыртқы борыштың жиынтық мәнімен айқындалады:
Dqe = Lye + Dqeb – С, мұнда:
Dqe – квазимемлекеттік сектор субъектісінің номиналдық құны теңгемен немесе АҚШ долларына балама түрде көрсетілген тиісті қаржы жылындағы сыртқы борышының шекті көлемі;
Lye – квазимемлекеттік сектор субъектісінің жыл басындағы сыртқы борышы;
Dqeb – квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті қаржы жылы тарту жоспарланып отырған сыртқы қарыздарының көлемі;
С – квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті қаржы жылы сыртқы борышты өтеу болжамы.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарының шекті көлемі Тұжырымдамада айқындалған шектеулерге сәйкес айқындалады.
Егер квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарының мәлімделген жиынтық көлемі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарының шекті көлемінен артық болса (Lya > Lp), онда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті қаржы жылындағы сыртқы борышының шекті көлемі квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыртқы қарыздарының үлес салмағының квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарының шекті көлеміне көбейтіндісі арқылы айқындалады:
Llim = W х Lp.
Бұл жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыртқы қарыздарының үлес салмағы кесімді шара ретінде пайдаланылады және мына формула бойынша есептеледі:
W = (Ld/ Lya) х 100, мұнда:
W – квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыртқы қарыздарының үлес салмағы;
Ld – квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыртқы қарыздарының мәлімделген көлемі;
Lp – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті қаржы жылындағы сыртқы қарыздарының шекті көлемі;
Lya – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарының мәлімделген жиынтық көлемі;
Lim – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының шекті көлемі.
5. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті қаржы жылын сыртқы борышының шекті көлемі жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде бекітіледі.
6. Квазимемлекеттік сектор субъектісі бекітілген сыртқы борыштың шекті көлемі негізінде дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлесінің елу пайызынан астамы негізгі ұйымға тиесілі өзінің еншілес, тәуелді және өзінің корпоративтік құрылымының құрамына кіретін өзге ұйымдар үшін сыртқы борыштың көлемін дербес бөледі.
7. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін түзету бюджет параметрлері өзгерген кезде немесе квазимемлекеттік сектордың түзетілген қарыз алу жоспарлары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Квазимемлекеттік сектор субъектілері сыртқы қарыз алу шеңберінде өз міндеттемелерін орындауды дербес қамтамасыз етеді.