"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының I санатты Бейнеу – Ақжігіт учаскесі (Өзбекстан шекарасы) километр (бұдан әрі – км) 0+000 – 85+000 учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылады;
2) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті - 0+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті - 85+ 000 км;
3) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
4) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – II санат, ақылы жолдың (учаскенің)негізгі параметрлері:
II санаттағы автомобиль жолымен жүру жолағының ені-3,75 метрден кем емес;
II санаттағы автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 2 және 1 белдеу;
5) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 85 км;
6) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;
7) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
8) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының көлік министрі 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 7 бұйрығына 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
жоқ | жоқ |
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 7 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 09.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының ІI санатты Бейнеу – Ақжігіт учаскесі километр (бұдан әрі – км) 0+000 – 85+000 учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі -АЕК)
№ Р/с | Аймақтар | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар | |||||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | ||
1 | 0+000 км – 85+000 км (85 км) | 0,1598 | 0,1354 | 0,3196 | 0,2709 | 0,4794 | 0,4063 | 0,6392 | 0,5444 | 0,7990 | 0,6798 |
Бір бағыт тағы бар лық маршрут бойынша жиыны (85 км) | 0,1598 | 0,1354 | 0,3196 | 0,2709 | 0,4794 | 0,4063 | 0,6392 | 0,5444 | 0,7990 | 0,6798 |
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері , оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 2 АЕК | 3 АЕК | 4 АЕК | 5 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 12 АЕК | 24 АЕК | 36 АЕК | 48 АЕК | 60 АЕК |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
Қазақстан Республикасының көлік министрі 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 7 бұйрығына 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
1 | Санғырлау ауылы |