Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Бейнеу – Ақжігіт ақылы негізде пайдалану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 қыркүйекте № 33461 болып тіркелді.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының I санатты Бейнеу – Ақжігіт учаскесі (Өзбекстан шекарасы) километр (бұдан әрі – км) 0+000 – 85+000 учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылады;

      2) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті - 0+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті - 85+ 000 км;

      3) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      4) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – II санат, ақылы жолдың (учаскенің)негізгі параметрлері:

      II санаттағы автомобиль жолымен жүру жолағының ені-3,75 метрден кем емес;

      II санаттағы автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 2 және 1 белдеу;

      5) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 85 км;

      6) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;

      7) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      8) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
көлік министрі
2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 7 бұйрығына
1-қосымша

Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр

Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы

жоқ

жоқ

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 7 бұйрығына
2-қосымша

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 09.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының ІI санатты Бейнеу – Ақжігіт учаскесі километр (бұдан әрі – км) 0+000 – 85+000 учаскесі:

      Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі -АЕК)

№ Р/с

Аймақтар

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері

32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар



Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

1

0+000 км – 85+000 км (85 км)

0,1598

0,1354

0,3196

0,2709

0,4794

0,4063

0,6392

0,5444

0,7990

0,6798


Бір бағыт тағы бар лық маршрут бойынша жиыны (85 км)

0,1598

0,1354

0,3196

0,2709

0,4794

0,4063

0,6392

0,5444

0,7990

0,6798

      Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:

      бір айға (күнтізбелік 30 күн):

Көлік түрі

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін

32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері , оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін

1

3

4

5

6

7

Абоненттік төлемнің құны

1 АЕК

2 АЕК

3 АЕК

4 АЕК

5 АЕК

      бір жылға (күнтізбелік 365 күн):

Көлік түрі

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін

32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін

1

3

4

5

6

7

Абоненттік төлемнің құны

12 АЕК

24 АЕК

36 АЕК

48 АЕК

60 АЕК

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЕК - айлық есептік көрсеткіш;

      км - километр;

      т - тонна.

  Қазақстан Республикасының
көлік министрі
2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 7 бұйрығына
3-қосымша

Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі

Р/с №

Елді мекеннің атауы

1

Санғырлау ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады