Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 қыркүйекте № 33464 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2023 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2023 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 5 бұйрығымен
бекітілген

Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-1-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) уәкілетті орган – Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ) өзге де шараларды қолданатын мемлекеттік орган;

      2) бенефициарлық меншік иесі – бұл:

      клиенттің – заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;

      клиентті өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;

      оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;

      3) Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға арналған мемлекеттік деректер базасы;

      4) Тізілімді пайдаланушылар – өз құзыреті шегінде қаржы мониторингі субъектілерінің КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (уәкілетті органды қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, сондай-ақ Тізілімге қол жеткізе алатын және клиенттер мен бақылаудағы субъектілердің заңды тұлғалардың болжамды бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты Тізілімге енгізу мүмкіндігі бар қаржы мониторингінің субъектілері;

      5) заңды тұлғаның тіркелген бенефициарлық меншік иесі – "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында мемлекеттік тіркеу кезінде заңды тұлға көрсеткен заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иесі;

      6) заңды тұлғаның болжамды бенефициарлық меншік иесі – заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы бастапқы дереккөздерді талдау және Тізілім пайдаланушыларынан алынған ақпаратты өзектендіру нәтижелері бойынша уәкілетті орган енгізген заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі.

2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі

      3. Тізілім уәкілетті орган веб-порталының жабық бөлігінде орналастырылған және заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы клиент ұсынған мәліметтерді іздеуге, дұрыстығын тексеруге, сондай-ақ заңды тұлға ұсынған ақпараттың және Тізілімде көрсетілген ақпараттың сәйкессіздігі анықталған жағдайда Тізілімді пайдаланушылардың толықтырулар енгізуіне арналған.

      4. Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді уәкілетті орган мыналардың:

      1) өзге де мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялануы;

      2) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарымен уәкілетті органға олардың қызметі шеңберінде анықталған заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат беруі;

      3) уәкілетті органның сұрау салуларды өзге мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберуі;

      4) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлғалардың өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты және мәліметтерді ұсынуы;

      5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдары, сонымен қатар қаржы мониторингі субъектілері Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ туралы заңнамасының сақталуын бақылау өз құзыреті щеңберінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (бұдан әрі – мемлекеттік реттеуші-орган) және қаржы мониторингі субъектілері заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы олардың қызмет нәтижелері бойынша ұсынған ақпараты мен мәліметтері негізінде жүзеге асырады.

      5. Уәкілетті орган Тізілімнен ақпарат пен мәліметтерді:

      1) бақылаудағы субъектілер бойынша мемлекеттік реттеуші-органдарға;

      2) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға;

      3) қаржы мониторингінің субъектілеріне ұсынады.

      6. Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы бастапқы дереккөздерді талдау және алынған ақпаратты өзектендіру жолымен жүзеге асырады.

3-тарау. Тізілімді пайдалану тәртібі

      7. Тізілім белгілі бір заңды тұлға бойынша бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді және бенефициарлық меншік иесі белгілі бір жеке тұлға болып табылатын заңды тұлғалардың тізбесін қамтиды.

      8. Тізілімде заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерін іздеу жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша немесе ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) бойынша жүзеге асырылады.

      9. Тізілім пайдаланушыларына ұсынылатын деректер мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ұйымның атауы;

      2) ЖСН/БСН;

      3) заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иесінің мәртебесі (тіркелген немесе болжамды);

      4) заңды тұлғалардың болжамды бенефициарлық меншік иесін айқындау жөніндегі есептің өзектілігі күні.

      10. Тізілімді пайдаланушылар заңды тұлға ұсынған ақпараттың және Тізілімде көрсетілген ақпараттың сәйкессіздігі анықталған жағдайда олар "ұйым қосу" немесе "заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесін қосу" функциясын пайдаланады.

      11. Заңды тұлғалардың қосылған бенефициарлық меншік иелері үшін тізілім пайдаланушылары түсіндірме-негіздеме көрсетеді.

      Түсіндірме-негіздеме заңды тұлғаның енгізілген жаңа бенефициарлық меншік иесін анықтаудың өзіндік тетігі мен алгоритімі туралы ақпаратты қамтиды.

      12. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иесі бойынша енгізілген мәліметтер жалпы Тізілімде сақталады және көрсетіледі және Тізілімінің барлық пайдаланушыларына қолжетімді болады.

4-тарау. Мемлекеттік реттеуші-органдарның, құқық қорғау органдарның және қаржы мониторингі субъектілерінің Тізілімге ақпарат беру тәртібі

      13. Тізілімге ақпарат уәкілетті органның бөлінген байланыс арнасының жеке кабинеті арқылы:

      1) мемлекеттік реттеуші-органдар бақылаудағы субъектінің заңды тұлғасының бенефициарлық меншік иесі туралы ақпараттың сәйкес келмеуінің анықталуына қарай;

      2) қаржы мониторингінің субъектілері Тізілімде көрсетілген бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша қаржы мониторингінің субъектілері алған деректермен сәйкес келмеген жағдайда беріледі.

      14. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың ақпарат беру тәртібі уәкілетті және құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасу жөніндегі бірлескен акт негізінде жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил ведения Реестра бенефициарных собственников юридических лиц

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 25 сентября 2023 года № 5. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 сентября 2023 года № 33464.

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 11.09.2023

      В соответствии с пунктом 5 статьи 6-1 Закона Республики Казахстан "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения Реестра бенефициарных собственников юридических лиц, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту по работе с субъектами финансового мониторинга Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 11 сентября 2023 года.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
Ж. Элиманов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство юстиции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Национальный Банк
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Генеральная прокуратура
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по противодействию коррупции

  Утверждены приказом
Председатель Агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
от 25 сентября 2023 года № 5

Правила ведения Реестра бенефициарных собственников юридических лиц

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения Реестра бенефициарных собственников юридических лиц (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 6-1 Закона Республики Казахстан "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма" (далее – Закон).

      2. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий финансовый мониторинг и принимающий иные меры по противодействию легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма, финансированию распространения оружия массового уничтожения (далее – ПОД/ФТ/ФРОМУ) в соответствии с Законом;

      2) бенефициарный собственник – физическое лицо:

      которому прямо или косвенно принадлежат более двадцати пяти процентов долей участия в уставном капитале либо размещенных (за вычетом привилегированных и выкупленных обществом) акций клиента – юридического лица или иностранной структуры без образования юридического лица;

      осуществляющее контроль над клиентом иным образом;

      в интересах которого клиентом совершаются операции с деньгами и (или) иным имуществом;

      3) Реестр бенефициарных собственников юридических лиц (далее – Реестр) – государственная база данных, предназначенная для учета и хранения сведений о бенефициарных собственниках юридических лиц, в целях ПОД/ФТ/ФРОМУ;

      4) пользователи Реестра – государственные органы Республики Казахстан, осуществляющие в пределах своей компетенции контроль за соблюдением субъектами финансового мониторинга законодательства Республики Казахстан о ПОД/ФТ/ФРОМУ (за исключением уполномоченного органа), специальные государственные и правоохранительные органы, а также субъекты финансового мониторинга, которые имеют доступ к Реестру и возможность вносить в Реестр информацию о предполагаемых бенефициарных собственниках юридических лиц клиентов и подконтрольных субъектов;

      5) регистрационный бенефициарный собственник юридического лица – бенефициарный собственник юридического лица, указанный юридическим лицом при государственной регистрации в Государственной базе данных "Юридические лица";

      6) предполагаемый бенефициарный собственник юридического лица – бенефициарный собственник юридического лица, внесенный уполномоченным органом по результатам анализа первичных источников о бенефициарных собственниках юридических лиц и актуализации получаемой информации от пользователей Реестра.

Глава 2. Порядок ведения Реестра

      3. Реестр размещен в закрытой части веб-портала уполномоченного органа и предназначен для поиска, проверки достоверности предоставленных клиентом сведений о бенефициарных собственниках юридических лиц, а также внесения дополнений пользователями Реестра, в случае выявления несоответствия предоставленной информации юридическим лицом и информации, указанной в Реестре.

      4. Формирование и ведение Реестра осуществляется уполномоченным органом на основании:

      1) интеграции с информационными системами иных государственных органов;

      2) представления в уполномоченный орган правоохранительными, специальными государственными органами информации о бенефициарных собственниках юридических лиц, выявленных в рамках их деятельности;

      3) направления уполномоченным органом запросов в иные государственные органы и организации;

      4) представления юридическими лицами информации и сведений о своих бенефициарных собственниках по запросу уполномоченного органа;

      5) информации и сведений о бенефициарных собственниках юридических лиц, предоставленных правоохранительными, специальными государственными органами Республики Казахстан, а также государственными органами Республики Казахстан, осуществляющими в пределах своей компетенции контроль за соблюдением субъектами финансового мониторинга законодательства Республики Казахстан о ПОД/ФТ/ФРОМУ (далее – государственные органы-регуляторы) и субъектами финансового мониторинга по результатам их деятельности.

      5. Уполномоченный орган предоставляет информацию и сведения из Реестра:

      1) государственным органам-регуляторам по подконтрольным им субъектам;

      2) правоохранительным и специальным государственным органам;

      3) субъектам финансового мониторинга.

      6. Ведение Реестра осуществляется уполномоченным органом путем анализа первичных источников о бенефициарных собственниках юридических лиц и актуализации получаемой информации.

Глава 3. Порядок пользования Реестром

      7. Реестр содержит сведения о бенефициарных собственниках по определенному юридическому лицу и перечень юридических лиц, по которым бенефициарный собственник определенное физическое лицо.

      8. Поиск бенефициарных собственников юридических лиц осуществляется в Реестре по индивидуальному идентификационному номеру (далее – ИИН) физического лица, либо по бизнес-идентификационному номеру (далее – БИН) организации.

      9. Данные, предоставляемые пользователям Реестра, содержат следующие сведения:

      1) фамилию, имя, отчество (при его наличии) бенефициарного собственника юридического лица/наименование организации;

      2) ИИН/БИН;

      3) статус бенефициарного собственника юридических лиц (регистрационный или предполагаемый);

      4) дату актуальности расчета по определению предполагаемого бенефициарного собственника юридических лиц.

      10. В случае выявления пользователями Реестра несоответствия предоставленной информации юридическим лицом и информации, указанной в Реестре, ими используется функция "добавить организацию" или "добавить бенефициарного собственника юридического лица".

      11. Для добавленных бенефициарных собственников юридических лиц пользователями Реестра указывается комментарий-обоснование.

      Комментарий-обоснование содержит информацию о собственном механизме и алгоритме выявления добавляемого нового бенефициарного собственника юридического лица.

      12. Сведения, введенные по бенефициарному собственнику юридических лиц, сохраняются и отображаются в общем Реестре и становятся доступными всем пользователям Реестра.

Глава 4. Порядок предоставления информации государственными органами-регуляторами, правоохранительными органами и субъектами финансового мониторинга в Реестр

      13. Информация в Реестр предоставляется через личный кабинет выделенного канала связи уполномоченного органа:

      1) государственными органами-регуляторами по мере выявления несоответствия информации о бенефициарном собственнике юридического лица подконтрольного субъекта;

      2) субъектами финансового мониторинга при несоответствии информации о бенефициарных собственниках, указанной в Реестре, с данными, полученными субъектами финансового мониторинга по результатам надлежащей проверки клиента.

      14. Порядок предоставления информации правоохранительными, специальными государственными органами осуществляется на основании совместного акта по обмену информацией между уполномоченным и правоохранительными, специальными государственными органами.