"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының халықаралық катынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 310 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32457 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
Т. Ластаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі