"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдары тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 71 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10429 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдары тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 71 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 377 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11829 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |