"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының I-б, ІІ санатты Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) – Майқапшағай (ҚХР-ға) Павлодар – Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) 390+000 километр (бұдан әрі – км) – 191+500 учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылады.
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: "Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі" республикалық маңызы бар автомобиль жолы, "Ленин-Ертіс-Русская Поляна" республикалық маңызы бар автомобиль жолы;
3) Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 390+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 191+500 км;
4) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – I-б, ІІ санатты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 2 және 1 белдеу;
6) Ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 198 километр 500 метр;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;
8) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің 09.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының | |
Көлік министрі 2023 жылғы | |
21 қыркүйектегі № 6 | |
Бұйрыққа 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
334 км | Қызылтаң |
327 км | Байқоныс |
318 км | Песчан |
314 км | Қарасуық |
310 км | Ыңталы |
302 км | Тереңкөл |
297 км | Юбилейное |
293 км | Луговое |
288 км | Осьмерыжск |
284 км | Береговое |
278 км | Жасқайрат |
264 км | Жаңабет |
250 км | Пятирыжск |
240 км | Моисеевка |
227 км | Железинка |
216 км | Береговое |
210 км | Башмачное |
200 км | Прииртышск |
197 км | Үрлітүб |
343 км | Пресное |
352 км | Достық |
356 км | Чернорецск |
365 км | Набережное |
369 км | Жаңа Қала |
374 км | Сычевка |
381 км | Новочерноярка |
389 км | Мичурин |
12-қосымша | |
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 6 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 09.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының І-б, ІІ санатты Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) – Майқапшағай (Қытай Халық Республикасына) Павлодар – Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) 390+000 километр (бұдан әрі – км) - 191+500 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК):
№ Р/с | Аймақтар | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар | |||||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | ||
1 | 390+000 км –369+710 км (20 км 290 метр) | 0,0379 | 0,0321 | 0,0764 | 0,0651 | 0,1141 | 0,0969 | 0,1525 | 0,1296 | 0,1905 | 0,1620 |
2 | 369+710 км –336+530 км (33 км 180 метр) | 0,0620 | 0,0525 | 0,1250 | 0,1064 | 0,1865 | 0,1585 | 0,2495 | 0,2119 | 0,3115 | 0,2649 |
3 | 336+530 км –251+490 км (85 км 040 метр) | 0,1590 | 0,1346 | 0,3203 | 0,2727 | 0,4781 | 0,4061 | 0,6394 | 0,5431 | 0,7983 | 0,6788 |
4 | 251+490 км – 191+500 км (59 км 990 метр) | 0,1121 | 0,0950 | 0,2259 | 0,1924 | 0,3373 | 0,2865 | 0,4510 | 0,3831 | 0,5632 | 0,4789 |
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (198 км 500 метр) | 0,3711 | 0,3142 | 0,7476 | 0,6365 | 1,1159 | 0,9480 | 1,4924 | 1,2676 | 1,8635 | 1,5845 |
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 2 АЕК | 3 АЕК | 4 АЕК | 5 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 12 АЕК | 24 АЕК | 36 АЕК | 48 АЕК | 60 АЕК |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
Қазақстан Республикасының | |
Көлік министрі 2023 жылғы | |
21 қыркүйектегі № 6 | |
Бұйрыққа 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
№ р\н | Елді мекеннің атауы |
1 | Қызылтан |
2 | Байқоңыс |
3 | Песчаное |
4 | Қарасуық |
5 | Ыңталы |
6 | Тереңкөл |
7 | Юбилейное |
8 | Луговое |
9 | Осьмерыжск |
10 | Береговое |
11 | Жасқайрат |
12 | Жаңабет |
13 | Пятирыжск |
14 | Моисеевка |
15 | Железинка |
16 | Береговое |
17 | Башмачное |
18 | Прииртышск |
19 | Үрлітүб |
20 | Пресное |
21 | Достық |
22 | Чернорецск |
23 | Набережное |
24 | Жаңа Қала |
25 | Сычевка |
26 | Новочерноярка |
27 | Мичурин |