Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 қазанда № 33492 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 156 бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтердің тарифтері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 37 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы
А. Сарбасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің м.а.
2023 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 411 бұйрығына
қосымша

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтердің тарифтері

      Ескерту. Тарифтер жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 37 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтердің тарифтері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 156-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерге тарифтерді айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомствосы;

      2) медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы (бұдан әрі – МӘС тәуелсіз сарапшысы) – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімінде тұратын жеке тұлға;

      3) "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "МОДБ" ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу тәртібі және тарифтері

      3. МӘС тәуелсіз сарапшысы ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӘС тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалау кестесінің деректерін және қызметінің бағасын қалыптастыруды ескере отырып, "МОДБ" ААЖ-де "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8265 болып тіркелген) бекітілген Р-1 нысаны бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін (бұдан әрі – Орындалған жұмыстардың актісі) қалыптастырады. Орындалған жұмыстардың актісі МӘС тәуелсіз сарапшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылғаннан кейін Комитетке түседі.

      4. Комитет орындалған жұмыстардың актісін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) оның дұрыс толтырылуын және анықтылығын тексереді;

      2) бұрыс және анық емес толтырылған жағдайда "МОДБ" ААЖ-да ескертулерді көрсете отырып, МӘС тәуелсіз сарапшысына қайта қарау үшін қайтарады.

      МӘС тәуелсіз сарапшысы орындалған жұмыстардың актісіне ескертулерді алған күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны пысықтайды, ЭЦҚ арқылы қояды және орындалған жұмыстардың актісі осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Комитетке қарау үшін қайта жолдайды.

      3) дұрыс және анық толтырылған жағдайда орындалған жұмыстардың актісіне қол қояды және МӘС тәуелсіз сарапшысы қызметтеріне ақысын төлеу үшін уәкілетті мемлекеттік органға жолдайды.

      Қызметтерге ақы төлеуді уәкілетті мемлекеттік орган МӘС тәуелсіз сарапшысының есептік шотына аудару арқылы жүзеге асырады және мына формула бойынша есептеледі:

      МӘС тәуелсіз сарапшысы қызметтерінің құны = (В* К1), мұндағы

      К1 – айына көрсетілген қызметтер саны;

      В – осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес МӘС тәуелсіз сарапшысы қызметінің бағасын қалыптастыру кестесі бойынша жүзеге асырылатын МӘС тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалауды ескере отырып, қызмет бірлігінің бағасы.

      5. МӘС тәуелсіз сарапшысының бір қызметі үшін тариф (Тариф) мына формула бойынша есептеледі:

      Тариф = (ЛЖ / 20 жұмыс күні / 8 сағат жұмыс), мұнда:

      ЛЖ – "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы қпү № 646 қаулысына сәйкес С-О-5 санаты бойынша жоғары лауазымдық жалақы.

      6. Куәландырылатын адамның/оның заңды өкілінің шағымдану оң шешілген немесе шығарылған сараптамалық қорытындының негізділігін бақылау нәтижесі кезінде көрсетілген қызметтер үшін тәуелсіз сарапшыға төленген сомаларды сараптамалық қорытынды өзгерген күннен бастап жарты жылда бір рет мынадай формула бойынша қайта есептеу жүргізіледі.



      А – осы Қағидалардың 8-тармағының 2-5) тармақшаларында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін қорытындылардың саны;

      К5 – есепті кезеңде көрсетілген қызметтер саны;

      К6 – куәландырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны (алғашқы куәландыру кезінде);

      К7 – ЖЕА дәрежесі белгіленген қайта куәландырылған адамдардың саны;

      К8 – ОЖБ әзірленген мүгедектігі бар адамдардың саны;

      С – К көрсеткіштерінің саны 1-ге тең немесе одан көп.

      7. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

  Медициналық-әлеуметтік
сараптаманың тәуелсіз
сарапшыларының қызметтеріне
ақы төлеу қағидаларына және
медициналық-әлеуметтік
сараптаманың тәуелсіз
сарапшылары көрсететін
қызметтер тарифіне
қосымша

      Нысан

МӘС тәуелсіз сарапшысы қызметінің бағасын қалыптастыру кестесі ___________________________________________________________ (МӘС тәуелсіз сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 20___ жылғы ______ (ай, жыл)

Ағымдағы жылға МӘС тәуелсіз сарапшысының бір қызметінің тарифі (теңге)

Ай сайынғы/жылдық бағалаудың мәні (%)

МӘС тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалауды ескере отырып, қызмет бірлігінің бағасы (теңге)
(2 баған*3 баған)/100

1

2

3

4

1




      Орындаушы/Өнім беруші

      ТАӘ (бар болған жағдайда) ________________

      ______ж.____.____.

      Банк деректемелері: ____________________________

      Банктің атауы ____________________________

      Банктік шот нөмірі ____________________________

      БСК ____________________________

      ЖСК /IBAN ____________________________

      Шот түрі: ағымдағы

Об утверждении правил оплаты услуг независимых экспертов медико-социальной экспертизы и тарифы на услуги независимых экспертов медико-социальной экспертизы

Приказ и.о. Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 сентября 2023 года № 411. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 октября 2023 года № 33492.

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2025

      В соответствии с пунктом 4 статьи 156 Социального Кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оплаты услуг независимых экспертов медико-социальной экспертизы и тарифы на услуги независимых экспертов медико-социальной экспертизы.

      2. Департаменту методологии и совершенствования медико-социальной экспертизы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 06.02.2025 № 37 (вводится в действие после дня официального опубликования).

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2025 года и подлежит официальному опубликованию.

      исполняющий обязанности
Министра труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
А. Сарбасов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
и.о. Министра труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 29 сентября 2023 года № 411

Правила оплаты услуг независимых экспертов медико-социальной экспертизы и тарифы на услуги независимых экспертов медико-социальной экспертизы

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 06.02.2025 № 37 (вводится в действие после дня официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оплаты услуг независимых экспертов медико-социальной экспертизы и тарифы на услуги независимых экспертов медико-социальной экспертизы (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 156 Социального кодекса Республики Казахстан и определяют порядок оплаты услуг независимых экспертов медико-социальной экспертизы и тарифы на услуги независимых экспертов медико-социальной экспертизы.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) Комитет регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (далее – Комитет) – ведомство Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (далее – Министерство), осуществляющее реализационные и контрольные функции в области социального и пенсионного обеспечения, социальной защиты лиц с инвалидностью в пределах своей компетенции;

      2) независимый эксперт медико-социальной экспертизы (далее – независимый эксперт МСЭ) – физическое лицо, соответствующее требованиям, определяемым уполномоченным государственным органом, и состоящее в реестре независимых экспертов медико-социальной экспертизы;

      3) автоматизированная информационная система "Централизованный банк данных лиц, имеющих инвалидность" (далее – АИС "ЦБДИ") – аппаратно-программный комплекс, предназначенный для автоматизации бизнес-процессов по установлению инвалидности, утраты трудоспособности, разработке индивидуальной программы абилитации и реабилитации, а также для хранения и обработки данных по лицам, прошедшим освидетельствование в отделах медико-социальной экспертизы;

      4) уполномоченный государственный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирование, контрольные функции за деятельностью Государственного фонда социального страхования.

Глава 2. Порядок оплаты и тарифы на услуги независимых экспертов медико-социальной экспертизы

      3. Независимый эксперт МСЭ ежемесячно, не позднее 10 числа месяца, следующего за отчетным, с учетом данных таблиц оценки результатов работы и формирования цены за услугу независимого эксперта МСЭ по форме согласно приложению к настоящим Правилам формирует в АИС "ЦБДИ" акт выполненных работ (оказанных услуг) по форме Р-1, утвержденной приказом Министра финансов Республики Казахстан от 20 декабря 2012 года № 562 "Об утверждении форм первичных учетных документов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8265) (далее – Акт выполненных работ). Акт выполненных работ после подписания электронно-цифровой подписью (далее - ЭЦП) независимого эксперта МСЭ поступает в Комитет.

      4. Комитет в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня получения Акта выполненных работ:

      1) проверяет правильность и достоверность его заполнения;

      2) в случае неправильного и недостоверного заполнения возвращает на доработку независимому эксперту МСЭ с указанием замечаний в АИС "ЦБДИ".

      Независимый эксперт МСЭ в течение 2 (двух) рабочих дней после дня получения замечаний по Акту выполненных работ дорабатывает его, подписывает ЭЦП и Акт выполненных работ направляется в Комитет для рассмотрения согласно пункту 4 настоящих Правил.

      3) в случае правильного и достоверного заполнения подписывает Акт выполненных работ и передает в уполномоченный государственный орган для осуществления оплаты услуг независимому эксперту МСЭ.

      Оплата услуг производится уполномоченным государственным органом путем перечисления на расчетный счет независимого эксперта МСЭ и рассчитывается по формуле:

      стоимость услуг независимого эксперта МСЭ = (В*К1), где

      К1 – количество оказанных услуг за месяц;

      В – цена за единицу услуги с учетом оценки результатов работы независимого эксперта МСЭ, проведенной согласно таблице формирования цены за услугу независимого эксперта МСЭ, согласно приложению настоящих Правил.

      5. Тариф за одну услугу независимого эксперта МСЭ (Тариф) рассчитывается по формуле:

      Тариф = (ДО / 20 рабочих дней /8 часов работы), где:

      ДО – максимальный должностной оклад по категории С-О-5 в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2017 года № 646 дсп "Об утверждении единой системы оплаты труда работников для всех органов, содержащихся за счет государственного бюджета".

      6. При положительном решении обжалования освидетельствуемого лица/его законного представителя или результате контроля обоснованности вынесенного экспертного заключения производится перерасчет выплаченных сумм независимому эксперту за оказанные услуги один раз в полугодие со дня изменения экспертного заключения по следующей формуле:

     


      где:

      А – количество заключений, соответствующих критериям, установленным подпунктами 2), 3), 4), 5) пункта 8 настоящих Правил;

      К5 – количество оказанных услуг за отчетный период;

      К6 – количество освидетельствованных участников системы обязательного социального страхования (при первичном освидетельствовании);

      К7 – количество переосвидетельствованных лиц, с установленной степенью УОТ;

      К8 – количество лиц с инвалидностью, которым разработана ИПР;

      С – количество показателей К равных или больше 1.

      7. Исчисление (удержание) и перечисление налогов и других обязательных платежей в бюджет, обязательных пенсионных взносов и обязательных взносов социального медицинского страхования осуществляется в порядке, установленном Социальным Кодексом Республики Казахстан, Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", Законом Республики Казахстан "Об обязательном социальном медицинском страховании".

  Приложение
к Правилам оплаты услуг
независимых экспертов
медико-социальной экспертизы
и тарифы на услуги
независимых экспертов
медико-социальной экспертизы
  Форма

Таблица формирования цены за услугу независимого эксперта МСЭ
_______________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) независимого эксперта МСЭ)
за __________ 20___ года (месяц, год)

Тариф за одну услугу независимого эксперта МСЭ на текущий год (тенге)

Значение ежемесячной/годовой оценки (%)

Цена за единицу услуги с учетом оценки результатов работы независимого эксперта МСЭ (тенге)
(графа 2*графа 3)/100

1

2

3

4

1




      Исполнитель / Поставщик
ФИО (при его наличии) ____________________________
____.__________.____ г.
Банковские реквизиты: _____________________________
Наименование банка _______________________________
Банковский счет № ________________________________
БИК _____________________________________________
ИИК/IBAN _______________________________________
Тип счета: текущий