Қазақстан Республикасының аумағындағы онлайн-платформалардың заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту және "Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 344 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 388-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 қазандағы № 33496 болып тіркелді

      "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына және 9-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы онлайн-платформалардың заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 344 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29293 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушы
К. Искаков

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрінің 2023 жылғы
29 қыркүйектегі № 388-НҚ
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-платформалардың заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-платформалардың заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына және 9-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында орташа тәуліктік қолжетімділік бір ай ішінде жүз мыңнан астам пайдаланушыны құрайтын, уәкілетті органмен озара іс-қимылды жүзеге асыратын онлайн-платформалардың заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды, (бұдан әрі – тізілім).

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккаунт – онлайн-платформаны пайдаланушының онлайн-платформада тіркелгеннен кейін жасалатын дербес парақшасы;

      2) интернет-ресурс – бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрдегі) ақпарат;

      3) лездік хабар алмасу сервисі – қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған бағдарламалық қамтылымды қоспағанда, телекоммуникация желілерін пайдалана отырып нақты уақыт режимінде лездік хабар алмасуға не оларды нақты айқындалған тұлғаға (тұлғаларға) беруге арналған және (немесе) онлайн-платформаны пайдаланушылар сол үшін қолданатын бағдарламалық қамтылым;

      4) онлайн-платформа – қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылымды және (немесе) лездік хабар алмасу сервисін қоспағанда, онлайн-платформаны пайдаланушының өзі ашқан аккаунт, жария қоғамдастық арқылы онлайн-платформадағы контентті алуға, жасауға және (немесе) орналастыруға және (немесе) таратуға және (немесе) сақтауға арналған интернет-ресурс және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылым және (немесе) лездік хабар алмасу сервисі;

      5) онлайн-платформадағы контент – онлайн-платформаны пайдаланушы белгілерді және (немесе) сигналдарды, және (немесе) дауыстық ақпаратты, және (немесе) жазбаша мәтінді, және (немесе) бейнені, және (немесе) дыбыстарды, және (немесе) аудиокөрнекі нысанды қабылдап алу және (немесе) тұлғалардың нақты айқындалған немесе беймәлім тобына беру арқылы алатын және (немесе) жасайтын, және (немесе) орналастыратын және (немесе) тарататын, және (немесе) сақтайтын онлайн-платформадағы ақпарат;

      6) уәкілетті орган – онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Тізілімді жүргізудің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-платформалардың заңды өкілдерін тізілімге енгізу және есепке алу болып табылады.

      4. Тізілімді уәкілетті орган электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.

2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-платформалардың заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу тәртібі

      5. Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді уәкілетті орган осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес онлайн-платформаның меншік иелері және (немесе) өзге де заңды өкілдері уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында www.gov.kz көрсетілген электрондық мекенжайға ұсынған мәліметтер негізінде жүзеге асырады.

      6. Уәкілетті орган онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) өзге де заңды өкілдері тізілімге енгізу үшін мәліметтерді электрондық мекенжайға ұсынған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мәліметтердің бар-жоғына тексереді.

      Онлайн-платформалардың меншік иесі және (немесе) өзге де заңды өкілі "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалатын тәртіппен уәкілетті органның электрондық мекенжайы арқылы дербес деректерді жинауға, өңдеуге жазбаша келісім береді (кері қайтарып алады).

      Онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) өзге де заңды өкілдері тізілімге енгізу үшін толық емес мәліметтерді ұсынған кезде уәкілетті орган дәлелді бас тартуды дайындайды және оны онлайн-платформаның меншік иесінің және (немесе) өзге де заңды өкілінің электрондық мекенжайына жібереді.

      Онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) өзге де заңды өкілдері қажетті мәліметтерді енгізгеннен кейін тізілімге енгізу үшін мәліметтерді қайта ұсынады.

      7. Уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсында www.gov.kz көрсетілген электрондық мекенжайға мәліметтерді алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі онлайн-платформалардың заңды өкілдері туралы мәліметтерді тізілімге енгізеді және онлайн-платформаның меншік иесін және (немесе) заңды өкілін оның тізілімге енгізілгені туралы хабарлайды.

      8. Әрбір тізілімдік жазба мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) онлайн-платформалардың заңды өкілдері туралы мәліметтер:

      Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты (тұратын) жері бойынша тіркелген мекенжайы немесе нақты тұратын жерінің мекенжайы;

      заңды тұлғалар үшін – толық және қысқартылған (бар болса) атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, негізгі мемлекеттік тіркеу нөмірі, заңды тұлға басшысының, ұйымның өзге де байланыс адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      жеке кәсіпкерлер үшін – атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты (тұратын) жері бойынша тіркелген мекенжайы;

      шетелдік ұйымдар үшін – толық және қысқартылған (бар болса) атауы, тіркелген елі, салық сәйкестендіргіші және (немесе) тіркелген елдің сауда тізіліміндегі салық сәйкестендіргіші, орналасқан жерінің мекенжайы;

      шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі және құжатты берген ел, тұрғылықты (тұратын) жері бойынша тіркеу мекенжайы (бар болса);

      2) онлайн-платформалардың заңды өкілінің пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы;

      3) онлайн платформаның домендік атауы;

      4) онлайн-платформа әкімшілігінің электрондық мекенжайы;

      5) тізілім жазбасының нөмірі және оның тізілімге енгізу күні;

      6) осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген деректердің өзгеруіне байланысты мәліметтер.

      9. Онлайн-платформаның қызметін тоқтату туралы ақпаратты, сондай-ақ осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген деректердің өзгерістері туралы мәліметтерді уәкілетті орган оларды түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді.

      10. Тізілімде жазбалардың жасалған күні мен уақыты көрсетілген тізілімдік жазбалардың өзгертулерінің дербестендірілген тарихы сақталады. Тізілімнен мәліметтерді жоюға жол берілмейді.

      11. Дербес деректерді жинауды және өңдеуді уәкілетті орган Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Заңда айқындалатын тәртіппен онлайн-платформалардың меншік иесінің және (немесе) өзге де заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырады.

Об утверждении Правил ведения реестра законных представителей онлайн-платформ на территории Республики Казахстан и о признании утратившим силу приказа Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 24 августа 2022 года № 344 "Об утверждении Правил ведения реестра законных представителей иностранных онлайн-платформ и (или) сервисов обмена мгновенными сообщениями, осуществляющих взаимодействие с уполномоченным органом в области средств массовой информации

Приказ и.о. Министра культуры и информации Республики Казахстан от 29 сентября 2023 года № 388-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 октября 2023 года № 33496.

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 8 и пунктом 2 статьи 9 Закона Республики Казахстан "Об онлайн-платформах и онлайн-рекламе", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения реестра законных представителей онлайн-платформ на территории Республики Казахстан.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 24 августа 2022 года № 344 "Об утверждении Правил ведения реестра законных представителей иностранных онлайн-платформ и (или) сервисов обмена мгновенными сообщениями, осуществляющих взаимодействие с уполномоченным органом в области средств массовой информации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 29293).

      3. Комитету информации Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра культуры и информации
Республики Казахстан
К. Искаков

  Утверждены приказом
Министра культуры и информации
Республики Казахстан
от 29 сентября 2023 года
№ 388-НҚ

Правила ведения реестра законных представителей онлайн-платформ на территории Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения реестра законных представителей онлайн-платформ на территории Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) статьи 8 и пунктом 2 статьи 9 Закона Республики Казахстан "Об онлайн-платформах и онлайн-рекламе" и определяют порядок ведения реестра законных представителей онлайн-платформ, осуществляющих взаимодействие с уполномоченным органом, среднесуточный доступ к которым в течение месяца составляет более ста тысяч пользователей, находящихся на территории Республики Казахстан (далее – реестр).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) аккаунт – персональная страница пользователя онлайн-платформы, которая создается после регистрации на онлайн-платформе;

      2) интернет-ресурс – информация (в текстовом, графическом, аудиовизуальном или ином виде), размещенная на аппаратно-программном комплексе, имеющем уникальный сетевой адрес и (или) доменное имя и функционирующем в Интернете;

      3) сервис обмена мгновенными сообщениями – программное обеспечение, предназначенное и (или) используемое пользователями онлайн-платформы для обмена мгновенными сообщениями либо их передачи конкретно определенному лицу (определенным лицам) в режиме реального времени с использованием сетей телекоммуникаций, за исключением программного обеспечения, предназначенного для предоставления финансовых услуг и электронной коммерции;

      4) онлайн-платформа – интернет-ресурс и (или) программное обеспечение, функционирующее в сети Интернет, и (или) сервис обмена мгновенными сообщениями, предназначенные для получения, производства и (или) размещения, и (или) распространения, и (или) хранения контента на онлайн-платформе пользователем онлайн-платформы посредством созданного им аккаунта, публичного сообщества, за исключением интернет-ресурса и (или) программного обеспечения, функционирующего в сети Интернет, и (или) сервиса обмена мгновенными сообщениями, предназначенных для предоставления финансовых услуг и электронной коммерции;

      5) контент на онлайн-платформе – информация, получаемая и (или) производимая, и (или) размещаемая, и (или) распространяемая, и (или) хранимая пользователем онлайн-платформы посредством приема и (или) передачи знаков и (или) сигналов, и (или) голосовой информации, и (или) письменного текста, и (или) изображения, и (или) звуков, и (или) аудиовизуальной формы на онлайн-платформе конкретно определенному или неопределенному кругу лиц;

      6) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий государственное регулирование в области онлайн-платформ и онлайн-рекламы.

      3. Основными задачами ведения реестра являются включение в реестр и учет законных представителей онлайн-платформ на территории Республики Казахстан.

      4. Реестр ведется уполномоченным органом в электронном виде на казахском и русском языках.

Глава 2. Порядок ведения реестра законных представителей онлайн-платформ на территории Республики Казахстан

      5. Формирование и ведение реестра осуществляется уполномоченным органом на основании сведений, представленных на электронный адрес, указанный на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа www.gov.kz собственниками и (или) иными законными представителями онлайн-платформы в соответствии с подпунктами 1), 2), 3), 4) и 5) пункта 8 настоящих Правил.

      6. Уполномоченный орган в течение 7 (семи) рабочих дней с момента представления на электронный адрес собственниками и (или) иными законными представителями онлайн-платформ сведений для включения в реестр, проверяет их на наличие сведений, предусмотренных пунктом 8 настоящих Правил.

      Собственник и (или) иной законный представитель онлайн-платформ дает (отзывает) согласие на сбор, обработку персональных данных письменно, посредством направления согласия на электронный адрес уполномоченного органа в порядке определяемом Законом Республики Казахстан "О персональных данных и их защите" (далее – Закон).

      При представлении собственниками и (или) иными законными представителями онлайн-платформ неполных сведений для включения в реестр, уполномоченный орган готовит мотивированный отказ и направляет его на электронный адрес собственника и (или) иного законного представителя онлайн-платформы.

      Собственники и (или) иные законные представители онлайн-платформ после внесения необходимых сведений повторно предоставляют сведения для включения в реестр.

      7. Уполномоченный орган в течение 7 (семи) рабочих дней со дня получения сведений на электронный адрес, указанный на его официальном интернет-ресурсе www.gov.kz включает в реестр сведения о законных представителях онлайн-платформ по взаимодействию с уполномоченным органом, и уведомляет собственника и (или) иного законного представителя онлайн-платформы о его включении в реестр.

      8. Каждая реестровая запись содержит следующую информацию:

      1) сведения о законных представителях онлайн-платформ:

      для граждан Республики Казахстан – фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер, адрес регистрации по месту жительства (пребывания) или адрес места фактического проживания;

      для юридических лиц – полное и сокращенное (при наличии) наименование, организационно-правовая форма, адрес местонахождения, бизнес идентификационный номер, основной государственный регистрационный номер, фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя юридического лица, иного контактного лица организации;

      для индивидуальных предпринимателей – наименование, фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер, адрес регистрации по месту жительства (пребывания);

      для иностранных организаций – полное и сокращенное (при наличии) наименование, страна регистрации, налоговый идентификатор и (или) идентификатор в торговом реестре страны регистрации, адрес местонахождения;

      для иностранных граждан и лиц без гражданства – фамилия, имя, отчество (при его наличии), вид, номер и страна выдачи документа, удостоверяющего личность, адрес регистрации по месту жительства (пребывания) (при наличии);

      2) почтовый адрес, электронный адрес законного представителя онлайн-платформы;

      3) доменное имя онлайн-платформы;

      4) электронный адрес администрации онлайн-платформы;

      5) номер реестровой записи и дата ее включения в реестр;

      6) сведения, связанные с изменением данных, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3), 4) и 5) настоящего пункта.

      9. Информации о прекращении деятельности онлайн-платформы, а также сведения об изменении данных, предусмотренных пунктом 8 настоящих Правил, вносятся в реестр уполномоченным органом в течение 7 (семи) рабочих дней со дня их поступления.

      10. В реестре сохраняется персонифицированная история изменений реестровых записей с указанием даты и времени создания записей. Удаление сведений из реестра не допускается.

      11. Сбор и обработка персональных данных осуществляется уполномоченным органом с согласия собственника и (или) иного законного представителя онлайн-платформы в порядке определяемом Законом, за исключением случаев, предусмотренных статьей 9 Закона.