БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор - оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 606 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17670 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2023 жылғы 24 қазандағы № 543 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 606 бұйрығына қосымша |
Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасы
Әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамы (бұдан әрі – ОПҚ) білім алушылардың 1 ОПҚ-ға арақатынасының негізінде айқындалады:
№ | Атауы | Білім алушылардың оқытушыларға орташа арақатынасы | |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім | білім алушылар | ОПҚ | |
1 | Бакалавриат даярлау бағыттары бойынша: | ||
1.1 | Өнер* | 3,5 | 1 |
1.2 |
Жалпы дамытудың пәндік мамандырылған оқытушыларын даярлау *** | 8 | 1 |
1.3 |
Тілдер және әдебиет бойынша оқытушыларды даярлау*** | 8 | 1 |
1.4 |
Тілдер және әдебиеттер*** | 8 | 1 |
1.5 | Денсаулық сақтау** | 6 | 1 |
1.6 | Ветеринария*** | 8 | 1 |
1.7 | Педагогикалық ғылымдар*** | 10 | 1 |
1.8 | Өнер және гуманитарлық ғылымдар*** | 8 | 1 |
1.9 | Даярлаудың басқа барлық бағыттары және білім беру бағдарламалары бойынша**** | 12 | 1 |
2. | Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары, оның ішінде шетел азаматтары үшін** | 6 | 1 |
3. | Әскери кафедра студенттері үшін*** | 10 | 1 |
4. | Магистратура** | 6 | 1 |
5. | Резидентура** | 3 | 1 |
6. | Докторантура** | 4 | 1 |
Ескерту: профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасынан рұқсат етілген ауытқулар:
* – 0,5 (-/+);
** – 1 (-/+);
*** – 2 (-/+);
**** – 4 (-/+).