ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
12-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 49 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша |
Кемелердің тіркеу нөмірлері
1. Кемелерге тiркеу нөмiрлерiн беру төменде санамаланған литерлерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады:
1) Жоғарғы Ертіс бассейніне – "ER";
2) Орал бассейніне – "ZH";
3) Іле бассейніне – "IL";
4) Балқаш бассейніне – "B";
5) Есіл бассейніне – "ES";
6) Сырдария бассейніне – "S";
7) Каспий бассейніне – "Q";
8) Орталық бассейнге (Қазақстан Республикасының басқа су қоймаларына) – "OR".
Жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiне енгiзiлген кеменiң тiркеу нөмiрiне "А" әрпi қосылады.
2. Кеменiң тiркеу орнын белгiлеу мақсатында нақты бассейн үшiн белгiленген әрiптiк литерге цифрлық литер де қосылады:
1) Өскемен учаскесі – "ER-1";
2) Семей учаскесі-" ER -2";
3) Павлодар учаскесі – "ER-3";
4) Орал учаскесі-"ZH-1";
5) Атырау учаскесі-"ZH-2";
6) Қарағанды учаскесі (орталық бассейн үшін)-"OR-1";
7) Қарағанды учаскесі (Балқаш бассейні үшін)-"B-1";
8) Алматы учаскесі (Балқаш бассейні үшін)-"B-2";
9) Жамбыл учаскесі – "B-3";
10) Жетісу учаскесі (Балқаш бассейні үшін)-"B-4";
11) Астана қаласының учаскесі – "ES-1";
12) Петропавл учаскесі-"ES-2";
13) Қостанай учаскесі – "ОR-2";
14) Түркістан учаскесі - "S-1";
15) Қызылорда учаскесі – "S-2".
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 49 Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 12-қосымша |
Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердің тіркеу нөмірлері
Уәкiлеттi орган облыстар және қалалар бойынша тiркеу нөмiрлерiн белгiлейдi:
1) Абай облысы - АBА 0001-ден 9999-ға дейін;
2) Ақмола облысы - АQМ 0001-ден 9999-ға дейін;
3) Астана қаласы - AST 0001-ден 9999-ға дейін;
4) Ақтөбе облысы - АQT 0001-ден 9999-ға дейін;
5) Алматы облысы - АLM 0001-ден 9999-ға дейін;
6) Алматы қаласы - АLQ 0001-ден 9999-ға дейін;
7) Атырау облысы - АTR 0001-ден 9999-ға дейін;
8) Шығыс Қазақстан облысы - SHQ 0001-ден 9999-ға дейін;
9) Жамбыл облысы - JAM 0001-ден 9999-ға дейін;
10) Жетісу облысы - JET 0001-ден 9999-ға дейін;
11) Қарағанды облысы - QAR 0001-ден 9999-ға дейін;
12) Қызылорда облысы - QZL 0001-ден 9999-ға дейін;
13) Қостанай облысы - QOS 0001-ден 9999-ға дейін;
14) Маңғыстау облысы - MAN 0001-ден 9999-ға дейін;
15) Павлодар облысы - PAV 0001-ден 9999-ға дейін;
16) Солтүстік Қазақстан облысы - SQO 0001-ден 9999-ға дейін;
17) Ұлытау облысы - ULT 0001-ден 9999-ға дейін;
18) Батыс Қазақстан облысы - BQO 0001-ден 9999-ға дейін;
19) Түркістан облысы - TUR 0001-ден 9999-ға дейін;
20) Шымкент қаласы - SHY 0001-ден 9999-ға дейін.