"Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 6 қарашадағы № 799 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 қарашада № 33611 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларында:

      8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көлік құралдарын, ондағы жеңіл автокөліктерден (өтімділігі жоғары автокөліктерден басқа) және мотороллерлерден басқа тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 155 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында мобилизация, әскери жағдай және әскери уақыттағы мерзімде әскери-көліктік міндеттеме қағидаларының 7-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 33362 болып тіркелген) жүргізіледі.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында:

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Практикалық емтиханды қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 33003 болып тіркелген) келетін көлік құралдары пайдаланылады.

      Практикалық емтиханды қабылдау үшін нұсқаушымен бірге оқу ұйымдарының көлік құралдарын пайдалануға рұқсатетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2014 года № 862 "Об утверждении Правил государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств по идентификационному номеру транспортного средства, подготовки водителей механических транспортных средств, приема экзаменов и выдачи водительских удостоверений"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 6 ноября 2023 года № 799. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 ноября 2023 года № 33611

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2014 года № 862 "Об утверждении Правил государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств по идентификационному номеру транспортного средства, подготовки водителей механических транспортных средств, приема экзаменов и выдачи водительских удостоверений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10056) следующие изменения:

      в Правилах государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств по идентификационному номеру транспортного средства, утвержденных указанным приказом:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Государственная регистрация и снятие с учета транспортных средств, за исключением легковых автомобилей (кроме автомобилей повышенной проходимости) и мотороллеров, производится в соответствии с пунктом 7 Правил военно-транспортной обязанности на территории Республики Казахстан на период мобилизации, военного положения и в военное время, утвержденных приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 августа 2023 года № 155 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33362).";

      в Правилах приема экзаменов и выдачи водительских удостоверений, утвержденных указанным приказом:

      пункт 43 изложить в следующей редакции:

      "43. Для приема практического экзамена используются транспортные средства, соответствующие требованиям Правил дорожного движения, утвержденных приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 534 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33003).

      Для приема практического экзамена допускается использование транспортных средств учебных организаций с инструктором.".

      2. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта;

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Саденов