ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 11.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-бабтарына, сондай-ақ көрсетілген шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 "Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар" кодын және шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ЕАЭО СЭҚ ТН 4401310000 "Ағаш түйіршектері" кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасау кезінде осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қолдану туралы "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" (келісім бойынша) акционерлік қоғамын;
3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігін белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыруды қажеттілігі туралы хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
И. Оспанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі