"Автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 қарашада № 33666 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13524 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану тәртібі";

      3-тармақтың 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ақы алу пунктінде, ол бар болған жағдайда, ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысын төлейді және/немесе автокөлік құралының дербес шотында немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотында ақша қаражаты болған кезде бақылау аркаларында есептен шығарады;

      10) төлеу тәсілдері және (немесе) көлік құралының техникалық сипаттамалары бойынша сараланған, орнатылған ақпараттық таблоға сәйкес көлік құралдарының тиісті жол жүру белдеуі бойынша жүріп өтуді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар белгілеген жылдамдық режимін және жүріп өту қашықтығын сақтайды.";

      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірігіп автовокзалдардың, ұйымдардың кезекші-диспетчерлік қызметтеріне, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның көрші облыстардағы аумақтық бөлімшелеріне және шекаралас мемлекеттердiң төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттiк органдарына олардың салдарының алдын алу және оларды жою бойынша жедел шараларды қолдануы және көмек көрсетуі үшін хабарлайды;";

      5-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жол иелерінің тиісті келісімінсіз, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей, жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) "Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа да инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кiрме жолдарды және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 292 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20658 болып тіркелген) сәйкес қандай да болсын коммуникацияларды (мұнай құбыры, су құбыры, байланыс және электр беру желілері, газ құбыры, кәріз төсеу) топырақ төсеміне, сондай-ақ көпірдің және жол өткелінің астына салуға жол берілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1267 "Об утверждении Правил пользования автомобильными дорогами, дорогами оборонного значения"

Приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 21 ноября 2023 года № 85. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 ноября 2023 года № 33666

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1267 "Об утверждении Правил пользования автомобильными дорогами, дорогами оборонного значения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13524) следующие изменения:

      в Правилах пользования автомобильными дорогами, дорогами оборонного значения, утвержденных указанным приказом:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок пользования автомобильными дорогами, дорогами оборонного значения";

      подпункты 9) и 10) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "9) производят оплату за проезд по платным участкам на пункте взимания платы, при его наличии и/или списывается на арках контроля при наличии денежных средств на лицевом счету или счету государственного регистрационного номерного знака автотранспортного средства;

      10) осуществляют проезд по соответствующей полосе движения транспортных средств согласно установленным информационным табло, дифференцированным по способам оплаты и (или) техническим характеристикам транспортного средства, соблюдают установленный Национальным оператором или иными управляющими автомобильными дорогами в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, скоростной режим и дистанцию проезда.";

      подпункт 5) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "5) совместно с территориальными подразделениями уполномоченного органа по обеспечению безопасности дорожного движения информируют дежурно-диспетчерские службы автовокзалов, организаций, а также территориальные подразделения уполномоченного органа по обеспечению безопасности дорожного движения соседних областей и государственные органы по чрезвычайным ситуациям приграничных государств для принятия ими оперативных мер по предупреждению и устранению последствий и оказания содействия;";

      в пункте 5:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) производство ремонтных и строительно-монтажных работ без соответствующего согласования с владельцами дорог, а также без уведомления органов, осуществляющих государственный архитектурно-строительный контроль и надзор, в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях" и в соответствии с приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 "Об утверждении форм уведомлений и Правил приема уведомлений государственными органами, а также об определении государственных органов, осуществляющих прием уведомлений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10194);";

      подпункт 13) изложить в следующей редакции:

      "13) прокладка каких-либо коммуникаций (нефтепродуктопровода, водопровода, линиями связи и электропередачи, газопровода, канализации) в теле земляного полотна, а также под мостами и путепроводами без согласования владельцами дорог, согласно приказу Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 15 мая 2020 года № 292 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Выдача технического условия для проектирования на пересечение автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения каналами, линиями связи и электропередачи, нефтепроводами, газопроводами, водопроводами и железными дорогами, другими инженерными сетями, коммуникациями, а также для строительства подъездных дорог и примыканий к автомобильным дорогам общего пользования международного и республиканского значения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20658).".

      2. Комитету автомобильных дорог Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр транспорта
Республики Казахстан
М. Карабаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан