БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6668 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
2) авиакомпанияның коды – авиатасымалдаушыны ақпараттарды қалыптастыру, беру және сақтау жүйесінде сәйкестендіру үшін рейсті белгілеудің құрама бөлігі ретінде пайдаланылатын символдардың (әріп-әріп, сан-әріп, әріп-сан) үйлесімі;
3) жазғы маусым – жартыжылдық, наурыздың соңғы жексенбісінде басталатын және қазанның соңғы сенбіде аяқталатын іс-қимыл;
4) кезең – авиакомпаниялар мен әуежайлар үшін орнатылатын әуе кемесінің ұшу кестесін келісу және қалыптастыру мерзімі;
5) қысқы маусым – жартыжылдық, қазанның соңғы жексенбісінде басталатын және наурыздың соңғы сенбіде аяқталатын іс-қимыл;
6) тарихи слот – өткен балама кезеңде кестеге қосылған слот;
7) тарихи слоттың құқығы – авиакомпанияның осы слоттарды өткен маусымдағы уақыттың кемінде 80% пайдаланған жағдайда тарихи слотты пайдалану мүмкіндігі сақталалы. Егер авиакомпания өткен маусымда уақыттың кемінде 80%-ын пайдаланған жағдайда, бұл слоттар жаңа маусымда еркін таратылуға жатады. Бұл ретте өткен жылдың ұқсас маусымына қатысты жаңа маусымдық кестеде ұшу жиілігін арттыруға жол берілмейді;
8) уақытша интервал (слот) – авиакомпания әуе кемесінің белгіленген күні немесе кезеңінде келу және жөнелту операцияларын орындау үшін әуежайға бөлінген уақыт.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы көлік министрінің міндетін атқарушы |
С. Аблалиев |