БҰЙЫРАМЫН:
1. "Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16690 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 3-тармағына және 491-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.";
осы бұйрықпен бекітілген Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында, мерзімінде және нысанында:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 412 бұйрығына 1-қосымша"; |
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 3-тармағына және 491-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну тәртібін және мерзімін айқындайды.
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5.Уәкілетті мемлекеттік органдар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсынады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Ұсынылады: Мемлекеттік кірістер органдарына
Әкімшілік деректердің нысаны https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin, https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/
интернет - ресурста орналастырылған
20___ жыл үшін салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер
Индекс: 1 - (НТС)
Жиілігі: жылдық
Есепті кезең _ _ 20 _ _ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Уәкілетті мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі).
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей.
Нысан
№ |
КҚ | КҚ иесінің БСН / ЖСН | Заңды тұлғаның орналасқан заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері | Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды |
КҚ | КҚ есептен шығарған күн | КҚ типі немесе түрі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Жасалған күні 20___ жылғы "___" _____________
Ескертпе: осы "Салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Абревиатуралардың ашып жазылуы:
а/к – ат күші;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
квт – киловатт;
КҚ – көлік құралдары;
текше.см – текше сантиметр
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
(индекс – 1-(НТС), жиілігі: жылдық)
"Салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер" нысаны мынадай түрде толтырылады:
1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.
2-бағанда Көлік құралдары (бұдан әрі – КҚ) иелері – заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
3-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
4-бағанда заңды тұлғаның орналасқан заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері көрсетіледі.
5-бағанда "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды көрсетіледі.
6-бағанда КҚ есепке қойған күні көрсетіледі.
7-бағанда КҚ есептен шығарған күні көрсетіледі.
8-бағанда КҚ типі немесе түрі көрсетіледі, мысалы автомобиль – жүк, жеңіл, автобус, пневматикалық қозғалыстағы дөңгелекті немесе шынжыр табанды трактор, өздігінен жүретін машина, азамттық әуе көлігі немесе ұшу аппараты, темір жол көлігі, теңіз, өзен шағын кемелері, мотокөлік, квадроцикл, қаршана, скутер.
9-бағанда КҚ маркасы, моделі және модификациясы көрсетіледі.
10-бағанда КҚ мемлекеттік нөмір белгісі көрсетіледі.
11-бағанда көлік құралының сәйкестендіргіші көрсетіледі – КҚ типі мен түріне байланысты автомобильдің VIN-коды, шанақ нөмірі немесе кеме бортының нөмірі.
12-бағанда КҚ қозғалтқышының көлемі текше сантиметрде көрсетіледі, В санатындағы автомобильдер бойынша жүкке арналған платформасы және жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы КҚ (автомобиль-пикаптар) және рұқсат етілген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орнының саны бойынша В санатына қойылатын талаптардан асып түсетін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретін автомобильдер, оның ішінде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) көрсетіледі.
13-бағанда КҚ жүк көтергіштігі (тіркемелерді есепке алмағанда) тоннада көрсетіледі. Мәліметтер С санатындағы автомобильдер бойынша көрсетіледі.
14-бағанда отыратын орын саны көрсетіледі. Деректер D санатындағы автомобильдер бойынша көрсетіледі.
15-бағанда КҚ типі мен түріне байланысты қозғалтқыштың қуаты ат күшінде және (немесе) киловатта көрсетіледі.