"Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 488-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 желтоқсанда № 33743 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 04.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22264 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жұмыс тобының сандық құрамын республикалық деңгейде мемлекеттік органның басшысы немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, жергілікті деңгейде жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты өткізгенге дейін мәслихат төрағасы айқындайды.

      Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспайды. Осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы, мәслихат төрағасы және квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы өз бетінше айқындайды.

      Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және мемлекеттік органдардың шешімімен тағайындалатын мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, мемлекеттік мекемелердің басшыларын қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына:

      1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;

      2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

      5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

      Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Кандидаттар тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіледі. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

      10. Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.

      Мемлекеттік орган, республикалық деңгейдегі квазимемлекеттік сектор субъектісі немесе жергілікті деңгейдегі жергілікті өкілді орган жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты жариялаумен бір мезгілде бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында құжаттарды беру мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайларын көрсете отырып, байқаушылардың тізімін қалыптастыру туралы хабарландыруды орналастырады.

      Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті мемлекеттік органға, республикалық деңгейдегі квазимемлекеттік сектор субъектісіне немесе жергілікті деңгейдегі жергілікті өкілді органға береді не электрондық поштасына жібереді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жұмыс тобының бірінші отырысын республикалық деңгейде – тиісті мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы және (немесе) олардың орынбасарлары, жергілікті деңгейде мәслихат төрағасы жүргізеді.";

      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына:

      1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;

      2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

      5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

      Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

      27. Жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан келіп түскен құжаттарды талқылайды, әрбір кандидатпен әңгімелесуді және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді өткізеді.";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Келіп түскен құжаттарды қабылдау және қарау мерзімі өткеннен кейін жұмыс тобы әңгімелесу рәсімін өткізу мерзімдері мен орнын анықтайды және әңгімелесуге қатысушыларды хабардар етеді.

      Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған кандидаттардың кәсіпқойлық, жеке қасиеттерін және қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы білуін анықтауға бағытталған, сондай-ақ Қоғамдық кеңеске үміткер мүшелікпен байланысты сұрақтар қойылады.

      Қойылатын сұрақтар барлық қатысушы кандидаттар үшін бірдей және саны тең мөлшерде болуы тиіс.

      Кандидат пен жұмыс тобының келісуі бойынша әңгімелесу барысы бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен көрсетілуі, сондай-ақ қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

      30. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін жұмыс тобы әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді өткізеді.

      Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған болып есептеледі.

      Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобының басшысы шешуші дауыс беру құқығын өзіне қалдырады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамын республикалық деңгейде – тиісті мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінде тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, ал жергілікті деңгейде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихат төрағасы бекітеді және Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) мемлекеттік органның, республикалық деңгейдегі квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті деңгейдегі жергілікті өкілді органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Әңгімелесу рәсіміне қатысқан, бірақ ашық дауыс беру қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына кірмеген азаматтық қоғам өкілдері қатарынан Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімі кейіннен Қоғамдық кеңестің құрамынан шығып қалған мүшелерін алмастыру мақсатында жұмыс тобының шешімімен қалыптастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар қатарынан резервтік тізімге қоюды жұмыс тобы конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды беру күніне байланысты кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.

      Жұмыс тобының өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін, резервтік тізімнен кандидаттарды одан әрі іріктеуді Қоғамдық кеңес өз бетінше жүргізеді.

      Резервтік тізімде тұрған әрбір кандидат жазбаша өтініш негізінде өз қалауы бойынша одан шығады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Резервтік тізіміндегі кандидат Қоғамдық кеңеске мүше болудан бас тартқан және Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімінде басқа кандидаттар болмаған жағдайда, сондай-ақ резервтік тізім болмаған жағдайда Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.

      Азаматтық қоғам өкілдігінен сайланған Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттігі тоқтатылған кезде жаңа мүшені іріктеу резервтік тізімнен жүзеге асырылады.

      Қоғамдық кеңес резервтік тізімнен Қоғамдық кеңестің құрамына алынған жаңа мүшелерді республикалық деңгейде – тиісті мемлекеттік органның басшысы, тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихат төрағасы бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жаңа мүшені іріктеуді Қоғамдық кеңес қосымша конкурс өткізу жолымен жүзеге асырады.";

      38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Қосымша конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөнінде қосымша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына:

      1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;

      2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

      5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

      Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

      39. Қоғамдық кеңес құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылауды және осы Үлгілік ереженің 29-тармағына сәйкес әңгімелесу рәсімін жүргізеді.

      Әңгімелесу аяқталғаннан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері әрбір кандидат бойынша ашық дауыс береді.

      Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған болып есептеледі.

      Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы шешуші дауыс беру құқығын өзіне қалдырады.

      Қоғамдық кеңес құрамына қосымша конкурс қорытындысымен сайланған кандидаттарды республикалық деңгейде – тиісті мемлекеттік органның басшысы, тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, ал жергілікті деңгейде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихат төрағасы бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.";

      мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:

      "49-1. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамының бірінші отырысында қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, төралқа құрамы, Қоғамдық кеңес комиссия құрамдары сайланады.

      Төраға мен төралқаның құрамы Қоғамдық кеңес мүшелерінің арасынан азаматтық қоғамнан сайланады.

      Төралқа мүшелерінің санын Қоғамдық кеңес өз бетінше айқындайды.

      Өзі болмаған уақытта Қоғамдық кеңестің төрағасы өз міндеттерін атқаруды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.

      Қоғамдық кеңес төрағасының өкілеттігі тоқтатылған жағдайда, оның өкілеттігі жаңа төраға сайланғанға дейін Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша төралқа мүшелерінің біріне беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 50-1-тармақпен толықтырылсын:

      "50-1. Қоғамдық кеңес өз қызметін ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

      Жұмыс жоспарлары Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде жасалады және Қоғамдық кеңес туралы ережеге сәйкес Қоғамдық кеңестің отырысында бекітіледі.";

      51, 52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Заңның 5-бабының 1-тармағында және 5-1-бабының 1-тармағында көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін қоғамдық кеңестер отырыстар өткізеді.

      Қоғамдық кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      Отырыстарды дайындау және өткізу кезінде Қоғамдық кеңес мынадай:

      1) отырыстардың күн тәртібін, өткізу мерзімдері мен орнын талқылау және бекіту;

      2) Қоғамдық кеңестің отырысына шығарылатын мәселелерді дайындау;

      3) осы Үлгілік ереженің 53-тармағына сәйкес қажетті қатысушыларды шақыру;

      4) отырыс өткізу мәселелерін қарайды.

      Қоғамдық кеңестің отырыстарын Қоғамдық кеңестің төрағасы не оны алмастыратын адам жүргізеді.

      Қоғамдық кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі, оған Қоғамдық кеңестің төрағасы қол қояды және тиісті интернет-ресурста жарияланады.

      Отырыстарды өткізудің өзге де мәселелерін Қоғамдық кеңес туралы ережеге сәйкес Қоғамдық кеңес өз бетінше айқындайды.

      52. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.

      Қоғамдық кеңестің шешімдері Қоғамдық кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      53. Қоғамдық кеңестің отырысына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақ және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылады.

      Қоғамдық кеңес хатшысы Қоғамдық кеңес мүшелерін, шақырылатын адамдарды және отырыстың өзге де қатысушыларын отырысты өткізу туралы алдын ала, бірақ ол өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 26 февраля 2021 года № 69 "Об утверждении Типового положения об Общественном совете"

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 6 декабря 2023 года № 488-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 декабря 2023 года № 33743

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 26 февраля 2021 года № 69 "Об утверждении Типового положения об Общественном совете" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22264) следующие изменения и дополнения:

      в Типовом положении об Общественном совете, утвержденном указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Количественный состав рабочей группы определяется на республиканском уровне - руководителем государственного органа или руководителем исполнительного органа субъекта квазигосударственного сектора, на местном уровне - председателем маслихата до проведения конкурса по отбору членов рабочей группы.

      Представительство от государственного органа, субъекта квазигосударственного сектора в составе рабочей группы не превышает одну треть от общего числа членов рабочей группы. Персональный состав данного представительства определяется руководителем государственного органа, председателем маслихата и руководителем исполнительного органа субъекта квазигосударственного сектора самостоятельно.

      Представительство от гражданского общества в составе рабочей группы составляет не менее двух третей от общего числа членов рабочей группы и формируется на основе предложений некоммерческих организаций и граждан, за исключением руководителей подведомственных организаций государственных органов, государственных учреждений, назначаемых решением государственных органов.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Граждане, представители некоммерческих организаций, желающие принять участие в конкурсе в течение пяти рабочих дней со дня размещения объявления о проведении конкурса по отбору членов рабочей группы, подают нарочно или направляют на электронный адрес государственного органа, субъекта квазигосударственного сектора или местного представительного органа, указанного в объявлении, следующие документы:

      1) письменное предложение некоммерческой организации и (или) заявление гражданина о выдвижении кандидатуры в состав рабочей группы;

      2) сведения о профессиональной и (или) общественной деятельности кандидата с указанием автобиографических данных;

      3) справка о наличии либо отсутствии судимости;

      4) справка о наличии либо отсутствии психических, поведенческих расстройств (заболеваний), в том числе связанных с употреблением психоактивных веществ;

      5) согласие на сбор, обработку, распространение и публикацию персональных данных кандидата.

      Кандидат в члены рабочей группы представляет справки, предусмотренные подпунктами 3) и 4) части первой настоящего пункта, самостоятельно или посредством письменного согласия на истребование указанных справок государственным органом или субъектом квазигосударственного сектора, с участием которого образуется Общественный совет, из информационных систем.";

      пункты 9 и 10 изложить в следующей редакции:

      "9. В течение трех рабочих дней после окончания формирования списка кандидатов проводится заседание рабочей группы с участием кандидатов в рабочую группу. Член рабочей группы по формированию Общественного совета не допускается к конкурсу для избрания в члены Общественного совета.

      10. К участию в заседаниях рабочей группы допускаются наблюдатели без права голоса, являющиеся гражданами Республики Казахстан, представителями неправительственных организаций, средств массовой информации, государственных органов, международных организаций.

      Государственный орган, субъект квазигосударственного сектора на республиканском уровне или местный представительный орган на местном уровне одновременно с объявлением о проведении конкурса по отбору членов рабочей группы публикует в средствах массовой информации и (или) размещает на своем интернет-ресурсе объявление о формировании списка наблюдателей с указанием сроков подачи документов, а также почтовых и электронных адресов, на которые направляются документы.

      Для присутствия на заседании рабочей группы в качестве наблюдателя лицо, изъявившее желание быть наблюдателем, предоставляет в государственный орган, субъект квазигосударственного сектора на республиканском уровне или местный представительный орган на местном уровне либо отправляет на электронную почту заявление для участия в качестве наблюдателя на конкурс по отбору членов рабочей группы по формированию Общественного совета, по форме согласно приложению 2 к настоящему Типовому положению.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Первое заседание рабочей группы на республиканском уровне проводит руководитель соответствующего государственного органа, руководитель исполнительного органа субъекта квазигосударственного сектора, и (или) их заместители, а на местном уровне – председатель маслихата.";

      пункты 26 и 27 изложить в следующей редакции:

      "26. Граждане, представители некоммерческих организаций, желающие принять участие в конкурсе в течение десяти рабочих дней после даты опубликования объявления о проведении конкурса по отбору членов Общественного совета, подают нарочно или направляют на электронный адрес государственного органа, субъекта квазигосударственного сектора или местного представительного органа, указанного в объявлении, следующие документы:

      1) письменное предложение некоммерческой организации и (или) заявление гражданина о выдвижении кандидатуры в состав Общественного совета;

      2) сведения о профессиональной и (или) общественной деятельности кандидата с указанием автобиографических данных;

      3) справка о наличии либо отсутствии судимости;

      4) справка о наличии либо отсутствии психических, поведенческих расстройств (заболеваний), в том числе связанных с употреблением психоактивных веществ;

      5) согласие на сбор, обработку, распространение и публикацию персональных данных кандидата.

      Кандидат в члены Общественного совета представляет справки, предусмотренные подпунктами 3) и 4) части первой настоящего пункта, самостоятельно или посредством письменного согласия на истребование указанных справок государственным органом или субъектом квазигосударственного сектора, с участием которого образуется Общественный совет, из информационных систем.

      27. Рабочая группа, в течение пяти рабочих дней после даты завершения приема документов, на заседании обсуждает поступившие документы от кандидатов в члены Общественного совета, проводит собеседование с каждым кандидатом и открытое голосование по каждому кандидату.";

      пункты 29 и 30 изложить в следующей редакции:

      "29. По истечении срока приема и рассмотрения поступивших документов, рабочая группа определяет сроки и место проведения процедуры собеседования и уведомляют участников собеседования.

      Кандидат в члены Общественного совета проходит собеседование, в ходе которого ему задаются вопросы, направленные на определение профессиональных, личных качеств кандидатов и знания законодательства об общественных советах, а также связанные с претендуемым членством в Общественный совет.

      Задаваемые вопросы должны быть едиными для всех участвующих кандидатов и в равном количестве.

      По согласованию кандидата и рабочей группы, ход собеседования может фиксироваться с помощью технических средств видеозаписи, а также проведено посредством дистанционных средств видеосвязи.

      30. После завершения собеседования рабочая группа проводит открытое голосование по каждому кандидату.

      Кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов, считаются избранными в состав Общественного совета.

      По кандидатам, набравшим одинаковое количество голосов, руководитель рабочей группы оставляет за собой право решающего голоса.";

      пункт 32 изложить в следующей редакции:

      "32. Сформированный состав Общественного совета на республиканском уровне утверждается руководителем соответствующего государственного органа, в субъекте квазигосударственного сектора – руководителем исполнительного органа соответствующего субъекта квазигосударственного сектора, а на местном уровне – председателем маслихата соответствующей административно-территориальной единицы и подлежит публикации в средствах массовой информации и (или) размещению на интернет-ресурсе государственного органа, субъекта квазигосударственного сектора на республиканском уровне или местным представительным органом на местном уровне в течение трех рабочих дней после утверждения состава Общественного совета.";

      пункт 34 изложить в следующей редакции:

      "34. В целях последующего замещения выбывших членов Общественного совета, решением рабочей группы формируется резервный список кандидатов в Общественный совет из числа представителей гражданского общества, принимавших участие в процедуре собеседования, но не вошедших в состав Общественного совета по итогам открытого голосования.";

      дополнить пунктом 34-1 следующего содержания:

      "34-1. Зачисление в резервный список из числа кандидатов в члены Общественного совета осуществляется рабочей группой в порядке очередности в зависимости от даты подачи документов для участия в конкурсном отборе.

      После прекращения полномочий рабочей группы, дальнейший отбор кандидатов из резервного списка ведется Общественным советом самостоятельно.

      Каждый кандидат, состоящий в резервном списке выходит из него по собственному желанию на основании письменного заявления.";

      пункт 35 изложить в следующей редакции:

      "35. В случаях отказа кандидата из резервного списка от занятия членства в общественном совете и отсутствия других кандидатов в резервном списке кандидатов в Общественный совет, а также в случаях отсутствия резервного списка, Общественный совет принимает решение о проведении дополнительного конкурса в состав Общественного совета.

      При прекращении полномочий члена Общественного совета, избранного из представительства гражданского общества, отбор нового члена осуществляется из резервного списка.

      Зачисленные Общественным советом из резервного списка новые члены в состав Общественного совета на республиканском уровне утверждаются руководителем соответствующего государственного органа, руководителем исполнительного органа соответствующего субъекта квазигосударственного сектора, на местном уровне – председателем маслихата соответствующей административно-территориальной единицы и подлежат публикации в средствах массовой информации и (или) размещению на интернет-ресурсе соответствующего органа, субъекта квазигосударственного сектора.

      В случаях, предусмотренных частью первой настоящего пункта, отбор нового члена осуществляется Общественным советом путем проведения дополнительного конкурса.";

      пункты 38 и 39 изложить в следующей редакции:

      "38. Граждане, представители некоммерческих организаций, желающие принять участие в дополнительном конкурсе в течение десяти рабочих дней после даты опубликования объявления о проведении дополнительного конкурса по отбору членов Общественного совета, подают нарочно или направляют на электронный адрес государственного органа, субъекта квазигосударственного сектора или местного представительного органа, указанного в объявлении, следующие документы:

      1) письменное предложение некоммерческой организации и (или) заявление гражданина о выдвижении кандидатуры в состав Общественного совета;

      2) сведения о профессиональной и (или) общественной деятельности кандидата с указанием автобиографических данных;

      3) справка о наличии либо отсутствии судимости;

      4) справка о наличии либо отсутствии психических, поведенческих расстройств (заболеваний), в том числе связанных с употреблением психоактивных веществ;

      5) согласие на сбор, обработку, распространение и публикацию персональных данных кандидата.

      Кандидат в члены Общественного совета представляет справки, предусмотренные подпунктами 3) и 4) части первой настоящего пункта, самостоятельно или посредством письменного согласия на истребование указанных справок государственным органом или субъектом квазигосударственного сектора, с участием которого образуется Общественный совет, из информационных систем.

      39. Общественный совет в течение пяти рабочих дней после даты завершения приема документов, на заседании проводит обсуждение поступивших документов по кандидатам в члены Общественного совета и процедуру собеседования в соответствии с пунктом 29 настоящего Типового положения.

      После завершения собеседования члены Общественного совета проводят открытое голосование по каждому кандидату.

      Кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов, считаются избранными в состав Общественного совета.

      По кандидатам, набравшим одинаковое количество голосов, председатель Общественного совета оставляет за собой право решающего голоса.

      Избранные кандидаты по итогам дополнительного конкурса в состав Общественного совета на республиканском уровне утверждаются руководителем соответствующего государственного органа, руководителем исполнительного органа соответствующего субъекта квазигосударственного сектора, на местном уровне – председателем маслихата соответствующей административно-территориальной единицы и подлежат публикации в средствах массовой информации и (или) размещению на интернет-ресурсе соответствующего органа, субъекта квазигосударственного сектора.";

      дополнить пунктом 49-1 следующего содержания:

      "49-1. На первом заседании сформированного состава Общественного совета открытым голосованием простым большинством голосов избирается председатель Общественного совета, состав президиума, составы комиссии Общественного совета.

      Председатель и состав президиума избираются из числа членов Общественного совета от гражданского общества.

      Количество членов президиума определяется Общественным советом самостоятельно.

      На время своего отсутствия председатель Общественного совета делегирует исполнение своих обязанностей одному из членов президиума Общественного совета.

      В случае прекращения полномочий председателя Общественного совета до избрания нового председателя его полномочия передаются одному из членов президиума по решению Общественного совета.";

      дополнить пунктом 50-1 следующего содержания:

      "50-1. Общественный совет осуществляет свою деятельность в соответствии с планом работы на текущий год.

      Планы работ составляются на основе предложений членов Общественного совета и утверждаются на заседании Общественного совета в соответствии с Положением об Общественном совете.";

      пункты 51, 52 и 53 изложить в следующей редакции:

      "51. Для реализации полномочий, предусмотренных пунктом 1 статьи 5 и пунктом 1 статьи 5-1 Закона, общественные советы проводят заседания.

      Заседания Общественного совета проводятся по мере необходимости по решению Общественного совета, но не реже одного раза в квартал.

      При подготовке и проведении заседаний, Общественным советом рассматриваются следующие вопросы:

      1) обсуждение и утверждение повестки дня заседаний, сроки и место проведения;

      2) подготовка вопросов, выносимых на заседание Общественного совета;

      3) приглашение необходимых участников в соответствии с пунктом 53 настоящего Типового положения;

      4) проведение заседания.

      Заседания Общественного совета ведет председатель Общественного совета либо лицо, его замещающее.

      На заседании Общественного совета ведется протокол, который подписывается председателем Общественного совета и публикуется на соответствующем интернет-ресурсе.

      Иные вопросы проведения заседаний определяются Общественным советом самостоятельно в соответствии с Положением об Общественном совете.

      52. Заседание Общественного совета считается правомочным при участии не менее двух третей от общего числа его членов.

      Решения Общественного совета принимаются открытым голосованием простым большинством голосов членов Общественного совета.

      53. На заседания Общественного совета приглашаются представители заинтересованных государственных органов, органов местного государственного управления, субъектов квазигосударственного сектора, средств массовой информации, научных, профсоюзных и других организаций, а также эксперты и иные специалисты.

      Секретарь Общественного совета уведомляет членов Общественного совета, приглашаемых лиц и иных участников заседания о проведении заседания заранее, но не позднее чем за три рабочих дня до дня его проведения.".

      2. Комитету по делам гражданского общества Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 4 апреля 2024 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите и
развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство транспорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по делам государственной службы

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по стратегическому
планированию и реформам

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство водных
ресурсов и ирригации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по противодействию коррупции
(Антикоррупционная служба)

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство иностранных дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство туризма и спорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового
развития, инноваций и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии и
природных ресурсов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан