ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
1. "Салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 166/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32390 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"1. Осы Салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнинг пулдарының кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және оларға салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"5. Цифрлық майнингтік пул ай сайын цифрлық активтерді бөлу орын алған айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті органдар) тиісті күнтізбелік айдағы цифрлық майнерлердің кірістері туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті күнтізбелік айдағы цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) уәкілетті органның кеңсесі арқылы ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" заңда белгіленген шарттарда және тәртіппен "Астана" халықаралық қаржы орталығының лицензиясы бар цифрлық активтер биржалары арқылы өткізуге жататын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің саны мәліметтерге сәйкес айқындалады.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрықтың 1-тармағының тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы |
А. Турысов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне.
Әкімшілік деректер нысаны мына интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai?lang=ru&ysclid=loiggo5o679664098.
Әкімшілік деректер нысанының атауы: Салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ЦМ
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20 __ жылғы _________ тоқсан.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: цифрлық майнингтік пулдар
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын 25 (жиырма бесінші) күннен кешіктірмей.
Р/с № | Цифрлық майнердің жәнецифрлық майнингтік пулдың атауы | Цифрлық майнердің және цифрлық майнингтік пулдың бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі | Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның нөмірі және оның берілген күні | Цифрлық электрондық әмиянның деректемелері (мекенжайы) | Цифрлық активті тарату күні | Цифрлық майнерге бөлінген цифрлық активтің атауы | Цифрлық майнерге берілген цифрлық активтің саны, бірлік |
Цифрлық майнингтік пулдың сыйақысы цифрлық активтерде көрсетіледі | |
цифрлық активтің атауы | Саны, бірлік | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9.1 | 9.2 |
Атауы _________________________________ Мекенжайы________________
Телефон ___________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды
қоспағанда)_______________________
"Салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтер" 1-ЦМ әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсініктеме________ 202__ жыл" (Ай сайын).
1. Бөлінген цифрлық активтердің саны және майнингтік пулдар комиссиясы туралы мәліметтерді уәкілетті органға және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға салық салу мақсатында Цифрлық майнерлер мен майнингтік пулдардың табысын айқындау үшін ұсынылады.
2. Цифрлық майнингтік пул ай сайын осындай мәліметтерді ұсынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға бекітілген нысанға сәйкес цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді жібереді.
3. Цифрлық майнинг пулының өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанында цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыратын тұлғалар арасында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі;
2-бағанда цифрлық майнердің және цифрлық майнингтік пулдың атауы көрсетіледі;
3-бағанда цифрлық майнердің және цифрлық майнингтік пулдың бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның нөмірі және оның берілген күні көрсетіледі;
5-бағанда цифрлық электрондық әмиянның деректемелері (мекенжайы) көрсетіледі;
6-бағанда цифрлық активті тарату күні көрсетіледі;
7-бағанда цифрлық майнерге бөлінген цифрлық активтің атауы көрсетіледі;
8-бағанда цифрлық майнерге берілген цифрлық активтің саны, бірлік көрсетіледі;
9-бағанда цифрлық майнингтік пулдың сыйақысы цифрлық активтерде көрсетіледі;
10-бағанда цифрлық активтің атауы көрсетіледі;
11-бағанда саны, бірлік көрсетіледі.