Қазақстан Республикасын мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 678/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 33845 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 213-22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 678/НҚ
Бұйрықпен бекітілген

Қазақстан Республикасын мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштері

      1. Іргелі астрономиялық-геодезиялық желі пункттерінің саны – 11 пункт.

      2. Жоғары дәлдіктегі геодезиялық желі пункттерінің саны – 75 пункт.

      3. I-II сыныпты нивелирлік желінің ұзақтығы – 53 370,5 қума шақырым.

      4. III, IV сыныпты нивелирлік желі пункттерінің саны – 6342 пункт.

      5. Іргелі гравиметриялық желі пункттерінің саны – 11 пункт.

      6. 1-сыныпты гравиметриялық желі пункттерінің саны – 62 пункт.

      7. Қазақстан Республикасының аумағын қамтитын мемлекеттік топографиялық карталардың масштабтық қатардың номенклатуралық парақтар саны:

Топографиялық картаның масштабы

Номенклатуралық парақтар саны

1

1:25 000

32 565

2

1:50 000

8 330

3

1:100 000

2 166

4

1:200 000

587

5

1:500 000

82

6

1:1 000 000

26

      8. Аэроғарыштық түсірілім материалдары бойынша Қазақстан Республикасы аумағының масштабы 1:25 000 цифрлық ортофотомозайкаларының ауданы – 2 725 000 шаршы шақырым.

Об утверждении основных показателей государственного геодезического и картографического обеспечения Республики Казахстан

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 декабря 2023 года № 678/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2023 года № 33845

      В соответствии с подпунктом 213-22) пункта 15 Положения о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 24 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые основные показатели государственного геодезического и картографического обеспечения Республики Казахстан.

      2. Комитету геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Б. Мусин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

 
  Утверждены приказом
Министр цифрового
развития, инноваций и
аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 28 декабря 2023 года
№ 678/НҚ

Основные показатели государственного геодезического и картографического обеспечения Республики Казахстан

      1. Количество пунктов фундаментальной астрономо-геодезической сети – 11 пунктов.

      2. Количество пунктов высокоточной геодезической сети – 75 пунктов.

      3. Протяженность нивелирной сети I, II класса – 53 370,5 погонных км.

      4. Количество пунктов нивелирной сети III, IV класса – 6342 пунктов.

      5. Количество пунктов фундаментальной гравиметрической сети – 11 пунктов.

      6. Количество пунктов гравиметрической сети 1 класса – 62 пункта.

      7. Количество номенклатурных листов масштабного ряда государственных топографических карт, покрывающих территорию Республики Казахстан:

Масштаб топографической карты

Количество номенклатурных листов

1

1:25 000

32 565

2

1:50 000

8 330

3

1:100 000

2 166

4

1:200 000

587

5

1:500 000

82

6

1:1 000 000

26

      8. Площадь цифровых ортофотомозаик территории Республики Казахстан в масштабе 1:25 000 по материалам аэрокосмосъемки – 2 725 000 квадратных километров.