"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 472 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 33866 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қарыз шартының талаптары өзгерген жағдайда, (осы Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігінде, 9-тармағының төртінші бөлігінде және 12-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда) бұрын мақұлданған және есептелген субсидиялар сомасы ұлғайтылмайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды.

      Қаржы институттары уәкілетті органдардың құжаттарына сәйкес қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) үшін жағдайды нашарлататын мән-жайлардың туындауына байланысты, оның ішінде "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес төтенше жағдайды енгізу және (немесе) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау нәтижесінде сыйақы мөлшерлемелерін төлеу немесе негізгі борышты өтеу мерзімдерін 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруды ұсынған жағдайда аталған шектеу қарыз шарттарына қолданылмайды.

      Бұл ретте сыйақы мөлшерлемесін төлеу және (немесе) негізгі борышты өтеу мерзімін 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруға байланысты сыйақы сомасы ұлғайған жағдайда, субсидиялар сомасын ұлғаю жағына қарай қайта есептеу жүргізіледі, сондай-ақ қолданыстағы субсидиялау шартын ұзартуға жол беріледі.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Қолданыстағы қарыз шартының талаптары (Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шешімімен белгіленген агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсету жөніндегі іс-шараларға бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарына сәйкес меншікті немесе тартылған қаражатты бюджеттік қаражатқа ауыстыру және бюджеттік қаражатты меншікті және (немесе) тартылған қаражатқа ауыстыру кезіндегі мөлшерлемені өзгертуді қоса алғанда, сыйақы мөлшерлемесі, сыйақыны төлеу мерзімдері, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну, қарыз шарттары бойынша сомаларды ұлғайту немесе азайту) өзгерген жағдайда, қаржы институты 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржыландыру талаптарын өзгерту бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты, сыйақыны өтеудің жаңартылған графигін және субсидиялар көлемін қоса бере отырып, бұл туралы жұмыс органын (көрсетілетін қызметті берушіні) хабардар етеді.

      Егер субсидиялау шарты қағаз түрінде жасалған және электрондық форматқа көшірілмеген болса, онда қаржы институты тиісті хабарламаны қағаз түрінде береді.";

      4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Бердалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 472 бұйрығына
қосымша
Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты

      ___________ қаласы 20__ жылғы "___" __________

      Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын _________________ облысының (қаласының) ауыл шаруашылығы басқармасы атынан 20__ жылғы _________________________ № ________ сенімхат негізінде әрекет ететін ________________________ бір тараптан, бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын ________________________ атынан _____________________________ негізінде әрекет ететін __________________ екінші тараптан және бұдан әрі "Қаржы институты" деп аталатын ______________________ атынан _____________________ негізінде әрекет ететін ____________ үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартын (бұдан әрі – субсидиялау шарты) жасасты.

1-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы субсидиялау шартында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.

2-тарау. Шарттың мәні

      2. Осы субсидиялау шарты бойынша Жұмыс органы шартта айқындалған талаптарда Қаржы институтының қолдауымен осы шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Карыз алушыны субсидиялау графигіне (бұдан әрі – субсидиялау графигі) сәйкес тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша (Жұмыс органының шешіміне сәйкес) бөлінген ақша сомасы шегінде Қарыз алушының қарыз шарты бойынша айқындалған сыйақы мөлшерлемесін төлеу жөніндегі шығындарын субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.

3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3. Жұмыс органы:

      1) Қаржы институтынан субсидиялауға арналған өтінім келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарауға:

      2) оның Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялар алу шарттарына сәйкестігін тексеруді және субсидиялауға арналған өтінім сомасының субсидиялау шартына сәйкес Қарыз алушыларды субсидиялау графигіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға;

      3) субсидиялауға арналған өтінімге сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін Қаржы институтының арнайы банктік шотына ай сайын аванстық төлеммен, субсидияларды кезекті төлеу жүргізілетін айдың алдындағы айында аударуға;

      4) субсидиялауға арналған өтінім Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес болған жағдайда, Қаржы институтының банктік шотына субсидияларды аудару үшін төлем шотын қалыптастыруға және қазынашылық органдарына жолдауға;

      5) субсидиялауға арналған өтінім сәйкес келмеген жағдайда субсидиялар беруден бас тарту туралы Қаржы институтын хабардар етуге міндеттенеді.

      4. Қаржы институты:

      1) ай сайын субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастыруға және Жұмыс органына жолдауға;

      2) Қарыз алушы негізгі борышты және сыйақыны өтеу жөніндегі міндеттемелерінің мерзімін өткізіп алған жағдайда және Субсидиялау қағидаларында көрсетілген басқа да оқиғалар бойынша оқиғалар анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ол туралы Жұмыс органын хабардар етуге;

      3) қолданыстағы қарыз шартының талаптары (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабы 2-тармағына сәйкес бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органның шешімімен белгіленген, "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарына сәйкес меншікті немесе тартылған қаражатты бюджеттік қаражатқа ауыстыру және бюджеттік қаражатты меншікті және (немесе) тартылған қаражатқа ауыстыру кезіндегі мөлшерлемені өзгертуді қоса алғанда, сыйақы мөлшерлемесі, сыйақы төлеу мерзімдерін, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну) өзгерген жағдайда, Жұмыс органына қаржыландыру талаптарын өзгерту бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты, сыйақыны өтеудің жаңартылған графигін және субсидиялар көлемін қоса бере отырып, хабарлама жолдауға;

      4) қаржы институтынан алынған қарыздың нысаналы пайдаланылуына (оның ішінде пайдаланудың толықтығы мәніне) тексеру жүргізуге;

      5) қарыз алушының қарыз шартының талаптарын сақтауына, оның ішінде қарыз шарты бойынша кредит қаражатын толық игеру және нысаналы пайдалану бойынша тексеру жүргізуге;

      6) қарыз алушы қарыз шартының талаптары сақталмаған жағдайлар туралы жұмыс органын (көрсетілетін қызметті берушіні) хабардар етуге міндеттенеді.

      5. Қарыз алушы:

      1) Субсидиялау қағидаларында белгіленген субсидиялау шарттарын сақтауға;

      2) қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің басқа мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидиялануына жол бермеуге;

      3) қарыз шарты бойынша алынған кредиттік қаражатты қарыз шартының талаптарына сәйкес толық пайдалануға;

      4) қарыз шарты бойынша кредиттік қаражатты толық немесе мақсатсыз пайдаланған кезде төленген субсидияларды қарыз шарты бойынша толық емес немесе мақсатсыз кредиттік қаражаттың сомасына барабар қайтаруға міндеттенеді.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      6. Тараптар осы шарт бойынша осы субсидиялау шартына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.

5-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      7. Егер орындаудың мүмкін еместігі еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы cубсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      8. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған кезде, осы субсидиялау шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауының мүмкін болмауы туындаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мұндай мән-жайлар туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

      9. Уақтылы хабардар етілмеген жағдайда, Тарап екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.

      10. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуы осы шарттың орындалу мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтуға алып келеді.

      11. Егер мұндай мән-жайлар қатарынан 3 (үш) айдан артық жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы субсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      12. Хат-хабар тиісті түрде ресімделсе (хат-хабар бланкінде берілген немесе мөрмен (бар болса) бекемделген, басшының қолы қойылған және оның тіркеу нөмірі, күні болған жағдайда, ол тиісті түрде ресімделген болып саналады), қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почта арқылы (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, ол тиісті түрде ұсынылған немесе жолданған болып саналады.

      13. Жұмыс органы осы субсидиялау шартын мынадай жағдайларда біржақты бұзуды жүзеге асырады:

      1) шартта қарыз алушы негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам орындамаған міндеттемелердің болуы;

      2) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану;

      3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шоттарына тыйым салу;

      4) қарыз алушының субсидиялар алудан бас тарту туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      5) қарыз алушының қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі;

      6) Субсидиялау қағидаларының 20-1-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.

      14. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге барлық күш-жігерін салуға тиіс. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар субсидиялау шарты бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешуді талап ете алады.

      15. Осы субсидиялау шарты барлық Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қойған күннен бастап күшіне енеді және субсидиялау графигіне сәйкес қарыз шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады.

      16. Шартпен реттелмеген бөлікте, Тараптар дауды сот тәртібімен шешеді.

      17. Осы шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

      18. Осы субсидиялау шартына қосымша оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      19. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері, қолтаңбалары:

Жұмыс органы:

Қарыз алушы:

Қаржы институты:

  Сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау шартына
қосымша
Нысан

Қарыз алушының субсидиялау графигі (Жұмыс органының шешіміне сәйкес)

20___ жылғы " ___" _______ №___

      Қарыз алушының атауы: _________________________________________

      Нөмірі, жасалған күні:___________________________________________

      Кредиттің/ лизингтің нысаналы мақсаты:___________________________

      Кредит шартының сомасы, теңге: _________________________________

      Кредит шартының сомасы, валюта: теңге,

      KZT __________________________________________________________

      Кредит шарты бойынша негізгі борышты қайтару мерзімі: ____________

      Сыйақы мөлшерлемесі, %

      Жалпы: _______________________________________________________

      Субсидияланатын: ______________________________________________

      Қарыз алушы төлейтін: __________________________________________

      Кредит шартының барлық мерзіміне сыйақы сомасы, теңге

      Жалпы: _______________________________________________________

      Субсидияланатын: ______________________________________________

      Қарыз алушы төлейтін: __________________________________________

Жыл

Ай

Кредит шартының графигі бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу мерзімі

Сыйақының жалпы сомасы, теңге

Мемлекет төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы (субсидияланатын), теңге

Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы, теңге

























Жиыны






      Жұмыс органы __________ ______________________________________

      қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Қарыз алушы:____________ ______________________________________

      қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Қаржы институты_________ ______________________________________

      қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 октября 2018 года № 436 "Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании субъектов агропромышленного комплекса, а также лизинге на приобретение сельскохозяйственных животных, техники и технологического оборудования"

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 декабря 2023 года № 472. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2023 года № 33866

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 октября 2018 года № 436 "Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании субъектов агропромышленного комплекса, а также лизинге на приобретение сельскохозяйственных животных, техники и технологического оборудования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 17741) следующие изменения:

      в Правилах субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании субъектов агропромышленного комплекса, а также лизинге на приобретение сельскохозяйственных животных, техники и технологического оборудования, утвержденных указанным приказом:

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. В случае изменения условий договора займа (за исключением случаев, предусмотренных частью второй пункта 5, частью четвертой пункта 9 и частью третьей пункта 12 настоящих Правил), ранее одобренная и начисленная сумма субсидий не увеличивается, срок субсидирования не продлевается.

      Данное ограничение не распространяется на договоры займа, в случае предоставления финансовыми институтами отсрочки по выплате ставки вознаграждения и (или) погашению основного долга на срок не более 24 (двадцати четырех) месяцев в связи с наступлением ухудшающих обстоятельств для заемщика (услугополучателя) согласно документам уполномоченных органов, в том числе в результате введения чрезвычайного положения в соответствии со статьей 5 Закона Республики Казахстан "О чрезвычайном положении" или объявления чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера в соответствии со статьей 48 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите".

      При этом в случае увеличения суммы вознаграждения в связи с предоставлением отсрочки по выплате ставки вознаграждения и (или) погашению основного долга на срок не более 24 (двадцати четырех) месяцев производится перерасчет суммы субсидий в сторону увеличения, также допускается пролонгация действующего договора субсидирования.";

      пункт 32 изложить в следующей редакции:

      "32. В случае изменения условий действующего договора займа (ставка вознаграждения, включая изменение ставки при замещении собственных или привлеченных средств на бюджетные средства и при замещении бюджетных средств на собственные и (или) привлеченные средства в соответствии с основными условиями предоставления бюджетного кредита на проведение мероприятий по поддержке субъектов агропромышленного комплекса на проведение весенне-полевых и уборочных работ, устанавливаемыми решением центрального уполномоченного органа по исполнению бюджета согласно пункту 2 статьи 180 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, сроки выплаты вознаграждения, предоставление отсрочки по выплате основного долга и (или) вознаграждения, увеличение или уменьшение суммы по договору займа) финансовый институт в течение 10 (десяти рабочих дней) уведомляет об этом рабочий орган (услугодателя) с приложением копии принятого решения по изменению условий финансирования, обновленного графика погашения основного долга, вознаграждения и объема субсидий.

      В случае, если договор субсидирования заключен в бумажном виде и не переведен в электронный формат, соответствующее уведомление подается финансовым институтом в бумажном виде.";

      приложение 4 изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту финансовых инструментов и микрокредитования Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Бердалин

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите и
развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Бюро национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового
развития, инноваций и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
исполняющий обязанности
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 29 декабря 2023 года № 472

  Приложение 4 к Правилам
субсидирования ставок
вознаграждения при кредитовании
субъектов агропромышленного
комплекса, а также лизинге на
приобретение сельскохозяйственных
животных, техники и
технологического оборудования
  Форма

Договор субсидирования ставок вознаграждения

      город ___________ "___"__________ 20__ года

      Управление сельского хозяйства __________________ области (города), именуемое в дальнейшем "Рабочий орган", в лице ______________ ____________________, действующего на основании доверенности №_______ от_________________20__ года, с одной стороны, _______________, именуемое в дальнейшем "Заемщик", в лице ____________________, действующего на основании ___________________________ с другой стороны, и ____________, именуемое в дальнейшем "Финансовый институт", в лице ____________________, действующего на основании ______________________, с третьей стороны, далее совместно именуемые "Стороны", а по отдельности "Сторона", заключили настоящий договор субсидирования ставок вознаграждения (далее – договор субсидирования) о нижеследующем.

Глава 1. Термины и определения

      1. В настоящем договоре субсидирования используются понятия, указанные в Правилах субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании субъектов агропромышленного комплекса, а также лизинге на приобретение сельскохозяйственных животных, техники и технологического оборудования, утвержденных приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 октября 2018 года № 436 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 17741) (далее – Правила субсидирования).

Глава 2. Предмет договора

      2. По настоящему договору субсидирования Рабочий орган обязуется на условиях, определенных договором, осуществить при поддержке Финансового института субсидирование затрат Заемщика по оплате ставки вознаграждения по определенному договору займа в пределах сумм денег, выделенных по соответствующей бюджетной программе, в соответствии с графиком субсидирования Заемщика (согласно решению Рабочего органа) (далее – график субсидирования) по форме согласно приложению к настоящему договору.

Глава 3. Права и обязанности сторон

      3. Рабочий орган обязуется:

      1) рассмотреть в течение 2 (двух) рабочих дней со дня поступления от Финансового института заявки на субсидирование;

      2) осуществить проверку ее соответствия условиям получения субсидий, предусмотренных Правилами субсидирования и проверку суммы заявки на субсидирование графикам субсидирования Заемщиков согласно договору субсидирования;

      3) согласно заявке на субсидирование ежемесячно перечисляет авансовым платежом на специальный банковский счет Финансовому институту субсидируемую часть ставки вознаграждения, в месяц, предыдущий месяцу, в котором производится очередная выплата субсидий;

      4) в случае соответствия заявки на субсидирование требованиям Правил субсидирования, сформировать и направить счета к оплате в органы казначейства для перечисления субсидий на банковский счет Финансового института;

      5) в случае несоответствия заявки на субсидирование информировать Финансовый институт об отказе в выдаче субсидий.

      4. Финансовый институт обязуется:

      1) ежемесячно формировать и направлять в Рабочий орган заявку на субсидирование;

      2) в случае просрочки Заемщиком обязательств по погашению основного долга и вознаграждения и по другим событиям, указанным в Правилах субсидирования, в течение 5 (пяти) рабочих дней с момента обнаружения событий информировать об этом Рабочий орган;

      3) в случае изменения условий действующего договора займа (ставка вознаграждения, включая изменение ставки при замещении собственных или привлеченных средств на бюджетные средства и при замещении бюджетных средств на собственные и (или) привлеченные средства в соответствии с основными условиями предоставления бюджетного кредита акционерному обществу "Аграрная кредитная корпорация", установленным решением центрального уполномоченного органа по исполнению бюджета согласно пункту 2 статьи 180 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, сроки выплаты вознаграждения, предоставление отсрочки по выплате основного долга и (или) вознаграждения) направлять Рабочему органу уведомление с приложением копии принятого решения по изменению условий финансирования, обновленный график погашения основного долга, вознаграждения и объема субсидий;

      4) проводить проверку целевого использования (в том числе, на предмет полноты использования) полученного у финансового института займа;

      5) проводить проверку соблюдения заемщиком условий договора займа, в том числе по полному освоению и целевому использованию кредитных средств по договору займа;

      6) уведомлять рабочий орган (услугодателя) о случаях несоблюдения заемщиком условий договора займа.

      5. Заемщик обязуется:

      1) соблюдать условия субсидирования, установленные Правилами субсидирования;

      2) не допускать субсидирования ставки вознаграждения по договору займа по другим государственным и бюджетным программам;

      3) полностью использовать полученные кредитные средства по договору займа в соответствии с условиями договора займа;

      4) при неполном или нецелевом использовании кредитных средств по договору займа вернуть выплаченные субсидии пропорционально сумме неполного или нецелевого использования кредитных средств по договору займа.

Глава 4. Ответственность сторон

      6. Стороны по настоящему договору несут ответственность за неисполнение и (или) ненадлежащее исполнение обязательств, вытекающих из настоящего договора субсидирования, в соответствии с настоящим договором субсидирования и законами Республики Казахстан.

Глава 5. Обстоятельства непреодолимой силы

      7. Стороны освобождаются от ответственности за неисполнение, либо ненадлежащее исполнение своих обязанностей по настоящему договору субсидирования, если невозможность исполнения явилась следствием обстоятельств непреодолимой силы.

      8. При наступлении обстоятельств непреодолимой силы, Сторона, для которой создалась невозможность исполнения ее обязательств по настоящему договору субсидирования, должна своевременно в течение 10 (десяти) рабочих дней с момента их наступления известить другую Сторону о таких обстоятельствах. При этом характер, период действия, факт наступления непреодолимой силы обстоятельств должны подтверждаться соответствующими документами уполномоченных государственных органов.

      9. При отсутствии своевременного извещения Сторона обязана возместить другой Стороне вред, причиненный неизвещением или несвоевременным извещением.

      10. Наступление обстоятельств непреодолимой силы влечет увеличение срока исполнения настоящего договора на период их действия.

      11. Если такие обстоятельства будут продолжаться более 3 (трех) месяцев подряд, то любая из Сторон вправе отказаться от дальнейшего исполнения обязательств по настоящему договору субсидирования.

Глава 6. Заключительные положения

      12. Корреспонденция считается должным образом представленной или направленной, когда она оформлена надлежащим образом (корреспонденция считается должным образом оформленная, когда она представлена на бланке или скреплена печатью (при наличии), подписана руководителем и имеет регистрационный номер, дату), вручена лично, доставлена по почте (заказным письмом с уведомлением) или курьерской связью по адресу участвующей Стороны.

      13. Рабочем органом осуществляется одностороннее расторжение договора субсидирования в следующих случаях:

      1) наличие в договоре неисполненных заемщиком обязательств по погашению основного долга и (или) вознаграждения более 90 (девяноста) календарных дней;

      2) нецелевого использования средств по договору займа;

      3) ареста счетов заемщика по решению суда, вступившему в законную силу;

      4) письменного заявления в произвольной форме заемщика об отказе в получении субсидий;

      5) полное погашение заемщиком обязательств перед финансовым институтом по договору займа;

      6) расторжение или прекращение договора займа, за исключением случая, указанного в части пятой пункта 20-1 Правил субсидирования.

      14. Стороны должны прилагать все усилия к тому, чтобы разрешать в процессе прямых переговоров все разногласия или споры, возникающие между ними по договору или в связи с ним. Если после таких переговоров Стороны не могут разрешить спор по договору субсидирования, любая из Сторон может потребовать решения этого вопроса в судебном порядке, установленным гражданским процессуальным законодательством Республики Казахстан.

      15. Настоящий договор субсидирования вступает в силу с даты подписания уполномоченными представителями всех Сторон и действует до конца срока договоров займа в соответствии с графиком субсидирования.

      16. В части, неурегулированной договором, Стороны решают споры в судебном порядке.

      17. Настоящий договор составлен в 6 (шесть) экземплярах на государственном и русском языках, имеющих одинаковую юридическую силу, по 2 (два) экземпляра по одному на государственном и русском языках для каждой из Сторон.

      18. Приложение к настоящему договору субсидирования являются его неотъемлемой частью.

      19. Адреса, банковские реквизиты, подписи Сторон:

Рабочий орган:

Заемщик:

Финансовый институт:

  Приложение
к Договору субсидирования
ставок вознаграждения
  Форма

График субсидирования Заемщика (согласно решению Рабочего органа)

№___ от "___" ___________20___года

      Наименование заемщика: ______________________________________
      Номер, дата заключения: ______________________________________
      Целевое назначение кредита/лизинга: ___________________________
      Сумма кредитного договора, тенге: _____________________________
      Сумма кредитного договора: валюта: тенге,
      KZT________________________________________________________
      Срок возврата основного долга по кредитному договору:___________
      Ставка вознаграждения, % Общая: ______________________________
      Субсидируемая: ______________________________________________
      Уплачиваемая заемщиком: _____________________________________
      Сумма вознаграждения на весь срок кредитного договора, тенге
      Общая: ______________________________________________________
      Субсидируемая: _______________________________________________
      Уплачиваемая заемщиком: ______________________________________

Год

Месяц

Срок погашения ставки вознаграждения по графику кредитного договора

Общая сумма вознаграждения, тенге

Сумма части ставки вознаграждения, уплачиваемая государством (субсидируемая), тенге

Сумма части ставки вознаграждения, уплачиваемая заемщиком, тенге

























Итого






      Рабочий орган __________ _________________________________________
                  подпись       (фамилия, имя, отчество (при его наличии))
      Заемщик ___________ ______________________________________________
                  подпись       (фамилия, имя, отчество (при его наличии))
      Финансовый институт __________ ____________________________________
                        подпись       (фамилия, имя, отчество (при его наличии))