ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 05.04.2024 ж. қолданысқа енгізіледі.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 12-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 5 сәуірде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 955 Бұйрығымен бекітілген |
Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 12-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің (бұдан әрі – келушілер) олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындары курсанттарының (бұдан әрі – курсанттар) қатарындағы жақын туыстарына бару тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) курсант - әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
2) жақын туыстар - ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
3) бақылау-өткізу пункті - арнаулы оқу орнының әкімшілік ғимаратына кіре берісте орналасқан, қызметкерлер және (немесе) тәуліктік нарядтың курсанттары арнаулы оқу орнының әкімшілік ғимаратына кіруді қамтамасыз ететін арнайы үй-жай;
4) кезекші бөлім - арнаулы оқу орнының құрылымдық бөлімшесі;
5) кезекші бөлімінің тәуліктік наряды – кезекші бөлімнің қызметкерлері және (немесе) тәуліктік кезекшілікке түсетін арнаулы оқу орнының курсанттары;
6) тексеру жүйелері мен құралдары –"Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22857 болып тіркелді) көрсетілген заттар мен бұйымдарды (бұдан әрі - Тыйым салынған заттардың тізбесі) рұқсатсыз кіргізуді (шағыруды) немесе әкелуді (әкетуді) ерте анықтауға арналған техникалық құралдардың жиынтығы;
7) біржолғы рұқсаттама - келушінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген, кезекші бөлімі арнаулы оқу орнының әкімшілік ғимаратына бару үшін беретін, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделетін қағаз талон;
8) өткізу режимі - арнаулы оқу орнының әкімшілік ғимараты шегінде белгіленген, адамдардың арнаулы оқу орнына және арнаулы оқу орнынан бақылаусыз кіру (шығу), заттарды әкелу (әкету), кіргізу (шығару) мүмкіндігін болдырмайтын режим;
9) казарма (жатақхана) - курсанттарды ұзақ орналастыруға арналған құрылыс (үй-жай).
2-тарау. Курсантардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы жақын туыстарына бару тәртібі
3. Курсанттардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін оларға бару осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келушінің курсанттарға бару ниеті туралы бұрын берген өтінішіне (жазбаша немесе электрондық) сәйкес (бұдан әрі – Өтініш) демалыс күндері жүзеге асырылады.
Өтініш арнаулы оқу орнының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлінісіне қолмақол (жазбаша) немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша беріледі.
Өтінішке Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – жеке басын куәландыратын құжат) бар оның электрондық нысаны қоса беріледі.
Өтініштерді жақын туыстары қатарындағы курсанттардың отбасы мүшелері туыстық дәрежесін растайтын құжаттарды қоса бере отырып береді.
Өтініштер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады, келу күніне дейін үш күннен кешіктірмей.
4. Берілген өтініштер негізінде кезекші бөлім арнаулы оқу орнының оқу-саптық бөлімшесімен бірлесіп, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес курсанттарға бару кестесін (бұдан әрі - Кесте) келу күнінен бір күннен кешіктірмей әзірлейді.
5. Кесте арнаулы оқу орны бастығының көмекшісімен келісіледі және оны арнаулы оқу орнының бастығы бекітеді.
6. Кесте ол бекітілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде арнаулы оқу орнының интернет-ресурсында жарияланады.
7. Кестеде арнаулы оқу орнының бастығы айқындайтын келушілерге ерін жүретін адам (дар) белгіленеді.
8. Арнаулы оқу орнының оқу-саптық бөлінісі кесте бекітілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде келушілерге байланыс телефондарының нөмірлеріне қоңырау шалу және (немесе) өтініште көрсетілген хабарламаны электрондық поштаға хабарлама жіберу арқылы хабардайды.
9. Курсанттарға оқу жылы ішінде жылына екі реттен артық келуге рұқсат етілмейді.
10. Бару ұзақтығы екі сағаттан аспайды.
11. Арнаулы оқу орнының әкімшілік ғимаратына келушілерді өткізу қызметкерлердің, жұмыскерлердің, курсанттар мен келушілердің өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ арнаулы оқу орнының жұмыс істеуіне қауіп төндірудің алдын алуға бағытталған өткізу режимін сақтай отырып, біржолғы рұқсаттама арқылы жүзеге асырылады.
12. Біржолғы рұқсаттама Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде кезекші бөлімінде ресімделеді.
Біржолғы рұқсаттаманы ресімдеу кезінде тәуліктік нарядтың қызметкері және (немесе) курсанты осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша курсанттарға бару журналына келушінің жеке басын куәландыратын құжаттағы мәліметтерді енгізеді.
13. Біржолғы рұқсаттамалар келу кезеніне ғана жарамды.
14. Арнаулы оқу орнының әкімшілік ғимаратына келушілердің кіруі (шығуы) бақылау-өткізу пункті арқылы жүзеге асырылады, онда кіретін адамдарды, олардың жеке заттарын және қол жүгін бақылау тексеру жүйесі және құралдары арқылы жүзеге асырылады.
15. Арнаулы оқу орнының әкімшілік ғимаратына Тыйым салынған заттардың тізбесінде көрсетілген заттарды кіргізуге жол бермеу мақсатында тәуліктік нарядтың қызметкерлері және (немесе) курсанттары техникалық құралдарды пайдалана отырып тексеру жүргізеді.
16. Бақылаудан немесе қосымша тексеруден өтпеу арнаулы оқу орнының әкімшілік ғимаратына кіргізуден бас тартуға негіз болып табылады.
17. Арнаулы оқу орнының әкімшілік ғимаратына алкогольдік, есірткіге масаң күйдегі келушілерді кіргізуге рұқсат етілмейді.
18. Келушілер курсанттарға бару үшін арнаулы оқу орнының әкімшілік ғимаратына кіргеннен кейін оларды келушілер бөлмесіне алып барады.
19. Арнаулы оқу орнының әкімшілік ғимаратында келушілер ілесіп жүретін адаммен (дармен) бірге жүреді.
20. Курсанттың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін келушілер арнаулы оқу орнының казармаға, асханаға, мұражайға, аудиторияға және ортақ кітапханаға барады.
21. Келушілердің өткізу режимін бұзғаны үшін жауапкершілік тікелей арнаулы оқу орны бастығының көмекшісіне және еріп жүрушіге (лерге) жүктеледі.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы жақын туыстарына бару қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Біржолғы рұқсаттама
РҰҚСАТТАМА
Келушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)________________________________
Келу күні және басталу уақыты_______________________________________________
Курсантқа кім болып табылады _______________________________________________
Құрсанттын Т.А.Ә. (бар болған жадайда)_______________________________________
Берілген уақыты ___________________________________________________________
Кезекшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы_____________________________
Ескертпе: Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты
Курсанттарға бару ниеті туралы келушінің өтініші (жазбаша немесе электронды)
Курсант _______________ (туыстық дәрежесін көрсету) өмірімен және тұрмысымен танысу үшін баруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Қолы, күні
Ескертпе:
Т.А.Ә – тегі, аты, әкесінің аты;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.
Курсанттарға бару кестесі
№ | Келушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Курсанттың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Курсантқа кім болып табылады (туыстық дәрежесін көрсету) | Келу күні мен уақыты | Ілесіп жүретін адам |
Ескерту:
Тегі, Аты, Әкесінің аты - толық аты;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы жақын туыстарына бару қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Курсантқа бару журналы
№ | Келушінің Т.А.Ә. (бар болған жайда) | Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні | Келуші келген курсанттың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Біржолғы рұқсатнама берілген күні мен уақыты | Біржолғы рұқсатнаманы берген адам (кезекші) |
Ескертпе:
Т.А.Ә.- тегі, аты, әкесінің аты