Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 21.12.2023 № 1-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
ШЕШТІ:
1. "Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы" Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1193 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімге 5-қосымша:
мынадай мазмұндағы № 415, 416, 417, 418, 419, 420, 421, 422, 423 сайлау учаскелерімен толықтырылсын:
"№ 415 сайлау учаскесі
Бейрут қаласы, Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Елшілігі
№ 416 сайлау учаскесі
Стокгольм қаласы, Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшілігі
№ 417 сайлау учаскесі
Осло қаласы, Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі
№ 418 сайлау учаскесі
Ханой қаласы, Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігі
№ 419 сайлау учаскесі
Кишинев қаласы, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігі
№ 420 сайлау учаскесі
Лиссабон қаласы, Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі
№ 421 сайлау учаскесі
Эль-Кувейт қаласы, Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі
№ 422 сайлау учаскесі
Претория қаласы, Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігі
№ 423 сайлау учаскесі
Аддис-Абеба қаласы, Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
"Келісілді"
Астана қаласының
қалалық сайлау
комиссиясы