"Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы" Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімінің 2023 жылғы 14 ақпандағы № 1-4 шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 ақпанда № 1334-01 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 1-22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 21.12.2023 № 1-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      ШЕШТІ:

      1. "Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы" Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1193 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімге 5-қосымша:

      мынадай мазмұндағы № 415, 416, 417, 418, 419, 420, 421, 422, 423 сайлау учаскелерімен толықтырылсын:

      "№ 415 сайлау учаскесі

      Бейрут қаласы, Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Елшілігі

      № 416 сайлау учаскесі

      Стокгольм қаласы, Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшілігі

      № 417 сайлау учаскесі

      Осло қаласы, Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі

      № 418 сайлау учаскесі

      Ханой қаласы, Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігі

      № 419 сайлау учаскесі

      Кишинев қаласы, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігі

      № 420 сайлау учаскесі

      Лиссабон қаласы, Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі

      № 421 сайлау учаскесі

      Эль-Кувейт қаласы, Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі

      № 422 сайлау учаскесі

      Претория қаласы, Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігі

      № 423 сайлау учаскесі

      Аддис-Абеба қаласы, Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

      "Келісілді"

      Астана қаласының

      қалалық сайлау

      комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады