"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Астана қаласы ономастика комиссиясының 2022 жылғы 7 қазандағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 17 қаңтардағы қорытындыларының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мыналарға:
Астана қаласының "Алматы" ауданы бойынша:
жобалық атауы А23 көшеге – Әскен Нәбиев көшесі;
жобалық атауы А24 көшеге – Сырбай Мәуленов көшесі;
Астана қаласының "Есіл" ауданы бойынша:
жобалық атауы Е12 көшеге – Мәншүк Мәметова көшесі;
жобалық атауы Е20 көшеге – Шапық Шөкин көшесі;
жобалық атауы Е753 көшеге – Санжар Асфендиаров көшесі;
Астана қаласының "Сарыарқа" ауданы бойынша:
жобалық атауы № 187 көшеге – Бердібек Соқпақбаев көшесі;
жобалық атауы № 189 көшеге – Бейбарыс сұлтан көшесі атауы берілсін.
2. Мыналар:
Астана қаласының "Алматы" ауданы бойынша:
жобалық атауы № 23-16 көше – Мағжан Жұмабаев даңғылы;
Астана қаласының "Байқоңыр" ауданы бойынша:
Мәншүк Мәметова көшесі – Қарамерген көшесі;
Астана қаласының "Есіл" ауданы бойынша:
Бұқар жырау көшесінен басталатын № 29/1 жобалық көшесімен аяқталатын Сауран көшесінің бөлігі – Гейдар Әлиев көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
Астана қаласы мәслихатның төрағасы | Е. Каналимов |