Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 03.10.2023 № 84/10-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):
15-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"15. 35 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмек:
15 ақпанда (Ауғанстаннан Кеңестің шектеулі әскери контингентін шығару күні) – Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;";
26 сәуірде (Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күні) – Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар ішінен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ басқа да адамдарға беріледі.";
17-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"17. 25 қазан (Республика күні) күніне табысы аз азаматтарға 4,5 АЕК мөлшерінде ұсынылады.";
37-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"37. Әлеуметтік көмектің көлемі 20 АЕК аспайтын өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.";
52-тармақтың 2-1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"2-1) санаторлық-курорттық емдеу шығындарының орнын толтыру:
абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда) алып жүруші адамдарға;";
1-қосымшадағы "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-қосымшадағы "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;
3- қосымша алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы |
Е. Каналимов |