Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 418/54-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1244 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы";
жоғарыда көрсетілген шешімінің 1-тармағында:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Астана қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда қызмет ететін:";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне;";
4) тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылары;".
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Е. Каналимов |