"Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 418/54-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 37/4-VIII шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 7 маусымда № 1342-01 болып тіркелді

      Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 418/54-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1244 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы";

      жоғарыда көрсетілген шешімінің 1-тармағында:

      1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Астана қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда қызмет ететін:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне;";

      4) тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылары;".

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е. Каналимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады