"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімдігінің мынадай:
1) "Білім саласындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы" 2017 жылғы 9 маусымдағы № 107-1207 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1112 болып тіркелген);
2) "Білім саласындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 107-1207 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 20 ақпандағы № 107-312 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1163 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |