"Білім саласындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 107-1207 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 107-312 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 наурызда № 1163 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 107-1901 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 14.09.2023 № 107-1901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім саласындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 107-1207 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1112 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 шілдедегі "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:

      жоғарыда көрсетілген қаулыда:

      21-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 33-53-тармақтармен толықтырылсын;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 22-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 107 - 312 қаулысына
1-қосымша
  Астана қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 9 маусымдағы
№ 107-1207 қаулысына
21-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің "Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

Р/с№

Қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Құны, теңге

1

2

3

4

33.

Лагерьде тұру

1 күн

1500

34.

Астана қаласынан лагерьге және кері жол жүру

1 қызмет

2000

35.

Трансфер (Ақкөл вокзалынан)

1 қызмет

500

36.

Тәлімгер қызметі

1 күн (топ 10 адамнан кем емес)

500

37.

Шаңғыны жалға беру

3 сағат

300

38.

Конькиді жалға беру

3 сағат

300

39.

Үстел теннисі

1 сағат

200

40.

Шығыршықты (тюбингті) жалға беру

2 сағат

500

41.

Тимбилдинг

1 сағат

500

42.

Арқан паркі

1 сағат

500

43.

Скалодром

1 сағат

500

44.

Велосипедті жалға беру

3 сағат

500

45.

Роликтерді жалға беру

3 сағат

300

46.

Пейнтбол

1 сағат

1000

47.

Комбо қыс (шаңғылар, конькилер, тюбинг, арқан паркі, спорттық ойын құралдары, тимбилдинг) + нұсқаушы

1 күн

2000

48.

Комбо жаз (скалодром, арқан паркі, роликтер, бассейн, спорттық ойын құралдары, велосипед, тимбилдинг) +нұсқаушы

1 күн

2000

49.

"Денсаулық жол бағыты бойынша" демалыс күндерін ұйымдастыру

1 күн (топ 50 адамнан кем емес)

3600

50.

"Денсаулық жол бағыты бойынша" демалыс күндерін ұйымдастыру (топтың жиналу орыны Ақкөл қаласы)

2 күн/1 түн
(топ 20 адамнан
кем емес)

7000

51.

"Денсаулық жол бағыты бойынша" демалыс күндерін ұйымдастыру (топтың жиналу орыны Ақкөл қаласында)

3 күн/2 түн
(топ 20 адамнан
кем емес)

11000

52.

Қысқы лагерь маусымы

маусымға 1 жолдама (5 күн)

22000

53.

Жазғы лагерь маусымы

маусымға 1 жолдама (10 күн)

42000

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 107 - 312 қаулысына
2-қосымша
  Астана қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 9 маусымдағы
№ 107-1207 қаулысына
22-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің мектепке дейінгі ұйымдар мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауар бағасы (жұмыс және қызмет көрсету)

Р/с №

Қызмет түрлері

Өлшем бірлігі
1 акад.сағат=45 мин

Құны,
теңге

1.

Хореография

8 академиялық сағат

1500

2.

Шет тілдерін оқыту курсы

8 академиялық сағат

2500

3.

Психологиялық-педагогиқалық түзету

8 академиялық сағат

2500

4.

Театр үйірмесі

8 академиялық сағат

2000

5.

Хормен ән айту

8 академиялық сағат

1500

6.

Музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету

8 академиялық сағат

4000

7.

Вокал

8 академиялық сағат

3000

8.

Шығармашылық шеберлік

8 академиялық сағат

1500

9.

Бейнелеу студиясі

8 академиялық сағат

1500

10.

Спорттық жекпе-жек үйірмесі

8 академиялық сағат

4500

11.

Йога

8 академиялық сағат

4500

12.

Шахматтар, шашкалар

8 академиялық сағат

4000

13.

Көркем гимнастика

8 академиялық сағат

4000

14.

Аэробика

8 академиялық сағат

1500

15.

Логика

8 академиялық сағат

4000

16.

Робототехника

8 академиялық сағат

4000

17.

Массаж

1 курс (8күн)

4000

18.

Физиопроцедуралар

1 курс (8күн)

4000

19.

Емдік дене шынықтыру

8 академиялық сағат

4000

20.

Педиатор дәрігерінің қызметі

айына

660

21.

Сөйлеуді түзету

8 академиялық сағат

3500

22.

Кешкі ассыз кезекші топ

1 сағат

150


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады