"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы, "Ақмола облысы Бурабай ауданының Красный кордон ауылын қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № а-8/282 бірлескен қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 8 тамыздағы № 7С-26/4 шешімінің негізінде және Бурабай ауданының Красный кордон ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Бурабай ауданы Ұрымқай ауылдық округінің Красный кордон ауылы Аққайың ауылы деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Жусупов |