Ақмола облысы Бурабай ауданының Красный кордон ауылын қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № А-7/265 және Ақмола облысы мәслихатының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 8С-3-15 бірлескен қаулысы мен шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 шілдедегі № 8598-03 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы, "Ақмола облысы Бурабай ауданының Красный кордон ауылын қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № а-8/282 бірлескен қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 8 тамыздағы № 7С-26/4 шешімінің негізінде және Бурабай ауданының Красный кордон ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақмола облысы Бурабай ауданы Ұрымқай ауылдық округінің Красный кордон ауылы Аққайың ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев
      Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б.Жусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады