Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 27.06.2024 № 8С-11-9 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8073 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 6 жолы алынып тасталсын;
реттік нөмірі 10 жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"
10. | Шашыранқы склероз | Диспансерлік есепте тұрған ересек пациенттер | Жоғары белсенді шашыранқы склерозда | Кладрибин, таблетка |
";
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 12, 13, 14, 15, жолдарымен толықтырылсын:
"
12. | Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері | С1 эстеразы ингибиторы, инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
13. | Бүйрек үсті безінің қыртысының туа біткен дисфункциясы | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Ашық өсу аймақтары бар балалар үшін дәрігердің нұсқауы бойынша | Гидрокортизон, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
Флудрокортизон, таблетка | ||||
14. | Шизофрения, шизотиптік және сандырақтық бұзылыстар (F20, F21, F22, F23, F25, F29 аурулардың халықаралық классификациясы -10 коды бойынша) | Диспансерлік есепте тұрған ересек пациенттер | Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Амисульприд, таблетка |
15. | Муковисцидоз | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Панкреатиттік жеткіліксіздігі болған кезде | Арнайы емдік өнімдер |
".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Жусупов |