Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 27.06.2024 № 8С-11-9 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар қосымша берілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы, Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы |
А.Жаксылыков |
Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешіміне 1-қосымшасы |
Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 27.07.2022 № 7С-19-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облыстық мәслихатының 27.06.2023 № 8С-3-9 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Сырқаттың атауы | Халықтың санаты | Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ағын ауыртпалығы) | Дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың атауы (шығарылу нысаны) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Ювенильдік идиопатиялық артрит | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Белсенді фазада дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін | Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді |
Тоцилизумаб, инфузиялық ерітіндіні жасауға арналған қоспа | ||||
2. | Көпіршікті эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Таңу материалдары, медициналық бұйымдар |
Декспантенол, сыртқа қолдануға арналған крем, сыртқа қолдануға арналған жақпамай | ||||
Арнайы емдік өнімдер | ||||
3. | Өкпелік гипертензия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері |
Риоцигуат, таблетка |
4. | Цитомегаловирусты инфекция | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Алдын алу және емдеу, оның ішінде ағзалар мен тіндерді ауыстырып салғаннан кейін | Ганцикловир, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді |
Валганцикловир, таблетка | ||||
Цитомегаловирусқа қарсы иммуноглобулин, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді | ||||
5 | Бехчет ауруы, CAPS синдромы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда | Канакинумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді |
Күзгі тұқым колхикумының сығындысы (Колхицин), таблетка | ||||
6 | Алып тасталды - Ақмола облыстық мәслихатының 27.06.2023 № 8С-3-9 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. | |||
7. | Бауыр циррозының сатысын қоса алғанда, созылмалы С вирустық гепатиті | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Дәстүрлі терапияға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда | 2b - пегинтерферон альфа, еріткішімен бір жиынтықтағы тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
8. | Целиакия | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Белсенді фазада гистологиялық немесе генетикалық расталған тіндік трансглютаминазаға антиденелер бар | Арнайы емдік өнімдер (глютенсіз өнімдер) |
9 | Орфандық (сирек кездесетін) сырқаттар | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәрігердің тағайындауы бойынша | G иммуноглобулині (адами қалыпты), инфузия үшін ерітінді |
10 | Шашыранқы склероз | Диспансерлік есепте тұрған ересек пациенттер | Жоғары белсенді шашыранқы склерозда | Кладрибин, таблетка |
11 | Нейробластома | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Мультидисциплинарлық консилиумнің шешімі бойынша | Инфузияға арналған ерітіндіні дайындау үшін концентрат, Динутуксимаб бета,инъекцияға арналған ерітінді |
12. | Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері | С1 эстеразы ингибиторы, инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
13. | Бүйрек үсті безінің қыртысының туа біткен дисфункциясы | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Ашық өсу аймақтары бар балалар үшін дәрігердің нұсқауы бойынша | Гидрокортизон, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
Флудрокортизон, таблетка | ||||
14. | Шизофрения, шизотиптік және сандырақтық бұзылыстар (F20, F21, F22, F23, F25, F29 аурулардың халықаралық классификациясы -10 коды бойынша) | Диспансерлік есепте тұрған ересек пациенттер | Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Амисульприд, таблетка |
15. | Муковисцидоз | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Панкреатиттік жеткіліксіздігі болған кезде | Арнайы емдік өнімдер |
Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешіміне 2 қосымша |
Ақмола облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6122 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
2. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы № 6С-20-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6625 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
3. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 6С-24-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6817 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
4. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7135 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
5. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 6С-35-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7252 болып тіркелген, 2019 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
6. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 6С-43-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7864 болып тіркелген, 2020 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.