Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 27.10.2023 № 8С-9/1 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бұланды ауданында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұланды аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Сексенов |