Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы № 6С-9/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5843 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 -бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұланды аудандық мәслихатының төрағасы | Н.Сексенов |