Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 22.05.2024 № 8С-19/15 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 16 ақпандағы № 7С-7/1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8367 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің косымшасында:
7- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"7. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұланды аудандық мәслихатының төрағасы | Н.Сексенов |