Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Біржан сал ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленсін.
2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданы мәслихатының төрағасы | Н. Куатова |