Біржан сал ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № С-2/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 мамырда № 8574-03 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Біржан сал ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленсін.

      2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданы мәслихатының төрағасы Н. Куатова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады