"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 8С-2/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8545-03 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл аудандық мәслихатының төрайымы | А.Адильбаева |