Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 15.09.2023 № 8С-9/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл ауданында туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл аудандық мәслихатының төрайымы | А. Адильбаева |