"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Костычево ауылдық округі Костычево ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округі Костычево ауылының көшелері мен тұйық көшесі қайта аталсын:
Московская көшесі Абай көшесіне;
50 лет Октября көшесі Еркін Әуелбеков көшесіне;
Целинная көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне;
Новая көшесі Ұлы дала көшесіне;
Молодежная көшесі Жастар көшесіне;
Хлебная көшесі Сауран көшесіне;
Мир көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
Новостроечная көшесі Тұран көшесіне;
Комсомольская көшесі Достық көшесіне;
Торговый тұйық көшесі Ынтымақ тұйық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Костычево ауылдық округінің әкімі | Г.Байдильдин |