Ақмола облысы Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округі Костычево ауылының көшелері мен тұйық көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың ауданы Костычев ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 маусымда № 8587-03 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Костычево ауылдық округі Костычево ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІ:

      1. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округі Костычево ауылының көшелері мен тұйық көшесі қайта аталсын:

      Московская көшесі Абай көшесіне;

      50 лет Октября көшесі Еркін Әуелбеков көшесіне;

      Целинная көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне;

      Новая көшесі Ұлы дала көшесіне;

      Молодежная көшесі Жастар көшесіне;

      Хлебная көшесі Сауран көшесіне;

      Мир көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

      Новостроечная көшесі Тұран көшесіне;

      Комсомольская көшесі Достық көшесіне;

      Торговый тұйық көшесі Ынтымақ тұйық көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Костычево ауылдық округінің әкімі Г.Байдильдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады