Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 20.06.2024 № 8С-17/13 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 ақпандағы № 7С-2/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8354 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 тіркелген) сәйкес есептейді.";
4-тармақтың 4-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады, отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10% (пайыз) мөлшерінде белгіленеді.
Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы адамға 18 (он сегіз) шаршы метр қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы 30 (отыз) шаршы метр болып қабылданады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бурабай аудандық мәслихаттың төрайымы | М. Нурпанова |