"Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын берудің Қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 262 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 62 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 қазанда № 8409 болып тіркелді

      Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын берудің Қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 262 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3308 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспеде "2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын берудің Қағидаларында:

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағы қызметі Ақтөбе облысымен (қаламен, ауданмен) 10 жылдан кем емес байланысты болған және мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:

      1) кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын атқару кезінде жеке батылдық танытқан, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету және нығайту жөніндегі жұмысқа үлес қосқан;

      2) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында өзін көрсеткен, өз қызметі кезеңінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлеріне;

      3) мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, демократияны, жариялылық пен әлеуметтік прогресті, өңірдің рухани және зияткерлік әлеуетін дамытудағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі үшін;

      4) облыстың (қаланың, ауданның) елдегі және шетелдегі имиджін арттыру;

      5) ерекше сіңірген еңбегі - ең жоғары нәтижелерге қол жеткізгендері үшін облыстың (қаланың, ауданның) спорт, ғылым және техника, мәдениет, өнер, әдебиет, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саласын дамыту;

      6) өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ білім беру сапасын жетілдіруге және арттыруға үлес қосқандарға;

      7) өңірде тұратын этностар арасындағы ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайту, тәуелсіз егемен Қазақстанның тұтастығын сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық контингентінің бітімгершілік операциясына қатысушы азамат ерлік жасаған жағдайда (апаттың, халықтың қаза табуын алдын алу, қиын жағдайда қалған дәрменсіз адамдардың өмірін құтқару), сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына мәдениеттегі, спорттағы, өнердегі және ғылыми қызметтегі ерекше жетістіктері үшін атақ осы тармақтың 1-абзацында белгіленген мерзімге дейін берілуі мүмкін.";

      11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Атақ жыл сайын облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынуы бойынша тиісті мәслихатпен беріледі, бірақ облыс бойынша бес, қала бойынша төрт және аудан бойынша үш азаматтан аспауы тиіс.";

      15-тармақта:

      "хатшысы" деген сөз "төрағасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      20-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Сот шешімі негізінде ақталған адамдардың Атаққа құқықтары тиісті мәслихаттың шешімімен қалпына келтіріледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Суентаева

О внесении изменений в решение Актюбинского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 262 "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Актюбинской области (города, района)"

Решение Актюбинского областного маслихата от 29 сентября 2023 года № 62. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 5 октября 2023 года № 8409

      Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Актюбинского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 262 "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Актюбинской области (города, района)" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3308) следующие изменения:

      в преамбуле слова "от 23 января 2001 года № 148" исключить;

      в Правилах присвоения звания "Почетный гражданин Актюбинской области (города, района)", утвержденных указанным решением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Звание "Почетный гражданин области (города, района)" присваивается лицам, чья деятельность не менее 10 лет связана с Актюбинской областью (городом, районом) и соответствует одному из следующих требований:

      1) проявившим личное мужество при исполнении профессиональных обязанностей или гражданского долга, а также внесшим вклад в работу по обеспечению и укреплению законности и правопорядка;

      2) государственным, политическим и общественным деятелям, проявившим себя в сфере местного государственного управления и самоуправления, внесшим в период своей деятельности значительный вклад в социально-экономическое развитие региона;

      3) за достижения в государственной и общественной деятельности, в развитии демократии, гласности и социального прогресса, духовного и интеллектуального потенциала региона, в бизнесе, творчестве, на государственной и военной службе, активную деятельность по защите прав и законных интересов граждан, благотворительную деятельность и милосердие;

      4) повышение имиджа области (города, района) в стране и за рубежом;

      5) за выдающиеся заслуги - достижения наивысших результатов в развитии спорта, науки и техники, культуры, искусства, литературы, образования, здравоохранения и социальной сферы области (города, района);

      6) внесшим вклад в формирование у подрастающего поколения чувства патриотизма и гражданственности, а также в совершенствование и повышение качества образования;

      7) за плодотворную работу по укреплению межнационального согласия и общественной стабильности, мира, дружбы и сотрудничества между этносами, проживающими в регионе, сохранение целостности независимого суверенного Казахстана.

      В случае, совершения героического поступка гражданином, участником миротворческой операции национального контингента Республики Казахстан (предотвращения катастрофы, гибели населения, спасения жизни беспомощных лиц, оказавшихся в бедственном положении), а также гражданам Республики Казахстан за особые выдающиеся достижения в культуре, спорте, искусстве и научной деятельности, звание может быть присвоено до срока, установленного в абзаце 1 настоящего пункта.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Звание ежегодно присваивается соответствующим маслихатом по представлению акима области (города, района), но не более чем пяти гражданам по области, четырем - по городу и трем - по району.";

      в пункте 15:

      слово "секретарем" заменить словом "председателем";

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Лица реабилитированные по решению суда восстанавливаются в правах на Звание решением соответствующего маслихата.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель областного маслихата Г. Суентаева