ШЕШТІ:
1. "Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8075 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
мәслихат шешімінің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 408-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:"
Көрсетілген мәслихат шешімімен бекітілген Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6- бабының 2-2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 12-14) тармақшасына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген, Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік Қағидаларына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін айқындайды."
4-тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюға ерекше жағдайларда шалғайдағы, қол жеткізу қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жүзеге асырылады;".
4-тармақтың 9) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суару алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі.".
6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұсталған қараусыз жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.".
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және айдап өту жерлерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.".
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдау үшін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 70 және 104-баптарына сәйкес, уақытша (маусымдық) пайдаланылатын және ұзақ мерзімді пайдаланылатын мал айдайтын жолдар (бұдан әрі - мал айдайтын жолдар) жобаланады.".
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Мал айдайтын жолдар аудандардың (қалалардың) және облыстардың жергілікті атқарушы органдары "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3-тармағына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келісу бойынша айқындайды.".
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жануар иесі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапты болады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Суентаева |