Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 тамыздағы № 360 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-205 болып тіркелген);
2) "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 360 "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 6 маусымдағы № 175 шешімі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы | А. Даржанова |